Жұма, 22 Қараша 2024
4406 6 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 10:16

100 аспирант-дәрігер ағылшын тілінің жалған сертификаты үшін оқудан шықты

Астанадағы Медицина университетінде жанжал шықты: оқуға қабылданған 117 жас дәрігер қабылдау бөліміне ағылшын тілінің жалған IELTS сертификаттарын өткізген. Олардың барлығы мемлекет есебімен оқыған.

Бұрынғы Целиноград медициналық институты, қазіргі Астана Медицина университеті ірі жанжалға тап болды. Жоғары оқу орнының басшылығы магистратура, резидентура және докторантурада оқитын 117 студентті шығарды. Олардың ЖОО-дан кейін білімін жалғастыру үшін қабылдау комиссиясына өткізген ағылшын тілін IELTS деңгейінде білетінін айғақтайтын халықаралық сынақ жүйесі сертификаттары жалған екені анықталды.

Бұл құжат студенттерді қабылдау кезінде оларға артықшылықтар береді, сол арқылы аспирантура мен магистратураны тегін, мемлекет есебімен оқуға жол ашады.

"Ереже бұзушылық деңгейін түсініп алу керек. Одан соң университеттің лицензиясын қайтарып алу үшін сотқа жүгінуіміз керек. Қазір мұндай шешім қабылданған жоқ", - деді Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Оқуға түскен студенттер сынақ тапсырған тіл орталықтарының басшыларының да жалған құжат жасауға қатысы болуы мүмкін, деп топшылайды тергеушілер. Бірақ оларға қатысты іс әзірге қозғалған жоқ.

Қазақстан билігі елдегі дәрігерлердің барлығы ағылшын тілін білуі тиіс деп есептейді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320