Жұма, 22 Қараша 2024
4275 0 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 08:54

Қырғызстанда түрмеден қашқан үшеу ұсталды

Қырғызстанда Токмок қаласы ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу абақтысынан қашып кеткен үшеу ұсталды.

Бұл жөнінде Шу облысы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Назира Имангазиева хабарлады. Оның сөзінше, қашқындар қаланың маңындағы орманды жерден табылған.

Уақытша тергеу абақтысында жатқан үшеу 1 мамыр күні таңертең 7 шамасында қашып кеткен. Оларды ұстау үшін ІІМ оперативті қызметі мен Шу облысы ішкі істер басқармасының толық құрамы жұмылдырылған. Үшеуі де Токмок қаласының тұрғыны болған.

ІІМ мәліметінше, олардың үлкені 18 жастағы (2000 жылы туған) Леонид Ворончихин ұрлық жасады деген күдікпен ұсталса, екіншісі 17 жастағы Анатолий Порошин (2001 жылы туған) кісі өлтірді деп күдікпен, үшіншісі - 16 жастағы Руслан Юсупахунов (2002 жылы туған) көлік ұрлады деген күдікпен ұсталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322