Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
4593 1 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 08:58

1 мамырда Парижде жаппай тәртіпсіздік болды

1 мамырда француз кәсіподағы ел президенті Эммануэль Макронның экономикалық реформасына қарсы акция өткізіп, ол жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Мыңнан аса бетперде киген адам полицияға қарсы "Молотов коктейлі" мен тас лақтырған.

Шерушілер легі Бастилия алаңы мен Италия алаңына дейін жүріп өту керек болған. Бірақ солшыл радикал "Қара блок" қозғалысы шерушілерге қосылып, бейбіт акцияны бұзды деп хабарлайды халықаралық француз радиосы. Солшыл радикалдар дүкендерді қиратып, қоқыс жәшіктерін өртеген. Оттың бір ұшқыны "Макдоналдс" мейрамханасына түскен.

"Қара блок" қозғалысы 2017 жылы Гамбургте "Үлкен жиырмалық" лидерлері бас қосқан күндері тәртіпсіздік ұйымдастырған. Сол кезде 70-тен астам полиция қызметкері жараланған болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1515
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3131
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1125
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1049