Армения парламентінде 1 мамырда Никол Пашинянның кандидатурасын қолдап 45 депутат дауыс берсе, 55-і қарсы болды.
Сол күні кешкісін Ереванның Республика алаңында халық алдында сөйлеген оппозиция лидері 2 мамырдан бастап жаппай ереуілді жалғастыруға шақырды.
«Ертең сағат 08:15-тен бастап барлық көлік жолдары, әуежай, темір жолдары жабылады. Біздің үніміз жеңіссіз аяқталмауы тиіс. Ертеңнен бастап жаппай азаматтық билікке бағынбау қозғалысы басталады», — деп мәлімдеді Пашинян. Ол бейбіт акция болатынын, полицияны күш қолданбай, халықпен бірге болуға шақырды.
Армения заңына сәйкес, парламенттің арнайы отырысында премьер-министр сайланбаса, жеті күннен кейін жаңа сайлау өтуі тиіс. Егер екінші рет премьер таңдалмаса, парламент таратылып, жаңа сайлау өтеді.
Abai.kz