Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
4567 1 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 09:00

Қазақстан халық бірлігі күнін атап өтті

Қазақстан 1 мамырда Халық бірлігі күнін атап өтті.

Астанада мерекелік шараларға президент Назарбаев қатысса, Алматыда халыққа тегін палау таратылды. Шымкентте жаңбыр астында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Мереке құрметіне Астанада Бәйтерек монументі алдында 500 домбырашы Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет және тағы басқа халық композиторларының күйлерін тартты. Жас шамасы әрқилы кәсіби және әуесқой музыканттарға дирижер Нұрлан Бекенов жетекшілік етті.

Домбырашылардың ішінде ең жас қатысушы 10 жаста болса, үлкені - 74 жаста болды. Бұл флешмобқа ниет білдірген кез-келген адам қатыса алған. Тек ұйымдастырушыға барып, тіркелу қажет болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2727
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1842