Сенбі, 23 Қараша 2024
5747 11 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 10:50

Ұйғыр конгрессі Брюссельде наразылық акциясын өткізді

Коммунистік Қытайдың Ұйғыр Елінде ( Шиңжаң Ұйғыр Автоном Районында ) түркі мұсылмандарына жүргізіп жатқан қуғын-сүргін саясатына қарсы Брюссельде бейбіт наразылық акциясы өтті деп хабарлайды еркін ақпарат көздері.

Еуропарламент ғимаратының жанындағы Шуман алаңында Дүниежүзілік ұйғыр конгрессінің шақыруы бойынша бір неше мың адам жиналды.

Дүниежүзілік ұйғырлар конгрессінің құрметті президенті Рабия Қадыр, дүниежүзілік ұйғыр конгрессінің басшысы Долқун Иса, тағы басқа ұлттық қозғалыс басшылары наразылық акциясына қатысты. Шеруге қатысушылар "Əділдікті талап етеміз!", "Геноцидты тоқтатыңдар!"ұрандарымен," Ұйғырларды құтқарыңдар"," Ұйғырларға қарсы геноцидті тоқтатыңдар" деген плакаттарды алып шықты. Ереуілге қатысушылар негізсіз ұсталған мұсылмандарды босатуға, сондай-ақ ұйғырлардың мəдениетіне, дініне,тіліне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға шақырды.


Акцияны ұйымдастырушылар миллионға жуық ұйғыр азаматы Қытайда түзеу-концентрациялық лагерьлерде жатқандығын мəлімдеді. Шерушілер Қытайдың бұл аймағына делегация Еуроодақтың арнайы өкілдер жіберуін сұрады.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371