Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды еске алу және құрмет көрсету күні – 9 мамыр қарсаңында ардагерлерге арналған қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Атап айтқанда, соғысты көрген көзі тірі ардагерлерге электр, ауыз су және газ қызметіне ақша төлеу үшін 300 мың сум (37 доллар шамасында) сыйақы беріп жатыр.
Мұнан бөлек Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кәмелетке толмай фашистердің концлагерінде болған және Ленинград қоршауында қалғандарға тегін тамақ пен киім таратылады.
Өзбекстан сонымен бірге әрбір ардагерлерге соғысқан елге тегін барып- келуге және Ялта, Кисловодск қалаларындағы "Өзбекстан" демалыс орнына тегін емделуге мүмкіндік беріп отыр.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету үшін бюджеттен 5 миллион сум бөлу жөнінде бұйрық шығарған.
Abai.kz