Сенбі, 23 Қараша 2024
3460 0 пікір 4 Мамыр, 2018 сағат 08:44

Душанбе терроризмге қарсы тұратын жаңа мүмкіндіктер іздеп жатыр

Душанбеде «Терроризм және экстремизмге қарсы тұру» халықаралық конференциясы басталды. Бұл шара Тәжікстан үкіметі, БҰҰ, ЕҚЫҰ және Еуропалық одақтың қолдауымен өтіп жатыр.

Конференцияға 46 елден және 30 халықаралық ұйым атынан 400-ден астам адам қатысып жатыр.

Шараға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бас хатшысы Томас Гремингер, БҰҰ жанындағы Контртеррористік басқарма басшысы Владимир Воронков, АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия және Ауғанстан мәселелері бойынша көмекшісі Генри Эншер, Еуропалық қызметтің саяси мәселелер бойынша бас хатшы орынбасары Жан-Кристоф Белльяр және басқа елдердің сыртқы істер министрлері келген.

Халықаралық шара алдында Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Раджабали Рахмонали тәжік-ауған шекарасы маңына "Тәлибан" қозғалысы 7 мыңға жуық әскерін орналастырды деп мәлімдеген.

Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекара ұзындығы 1400 шақырым.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364