Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 2608 0 пікір 3 Ақпан, 2011 сағат 07:47

Қаржы полициясы Приозерскінің бұрынғы әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартпақ

Қарағанды. 3 ақпан. ҚазТАГ -Қаланы қысқа дайындамағаны үшін Приозерскінің бұрынғы әкімдері қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, деп мәлім етті Қарағанды облысы бойынша экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменттің (ЭҚСЖКД) бастығы Малғаждар Тәткеев.

«Қазіргі уақытта ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оны істің маңыздылығын ескере отырып, ҚР бас прокурорының бұйрығымен тағайындалған арнайы прокурорбасқарады. Бұл топқа біздің 3 тергеушіміз, 2 оперативті қызметкеріміз және облыстық ІІД-нің 3 тергеушісі кірді», - деп хабарлады М. Тәткеев бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әзірге ешкімге айып тағылған жоқ, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық жауапкершілікке жылыту маусымына дайындық үшін жауапты болғандар тартылады. «Соның ішінде әкімдер де, небәрі екі ай қызмет екен әкім де, оған дейін жұмыс істеген әкім де», - деп нақтылады М. Тәткеев.

Бұрын хабарланғандай, Приозерскіде қаңтар айының басында қала қазандығындағы апатқа байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалған. Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Апаттың себептері мен жағдайларын анықтау үшін облыстық ТЖД жанынан комиссия құрылды. Оның қорытындысына сәйкес, қала қазандығы жылыту маусымына дұрыс дайындалмаған. Мамандардың айтуынша, қазандықтың көмекші жабдықтарының қызмет ету мерзімі асып кеткен. Комиссия ТЖ-дан келген шығынды Т83,7 млн-ға бағалады.

Қарағанды облысы бойынша экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменті апат Приозерск қаласының қазандығында болған апат бойынша 14 қаңтарда бірқатар қала шенеуніктеріне қатысты «салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен облыс әкімі Приозерск әкімі Қайрат Смағұловты қызметінен босатты. Бұдан басқа, жылыту маусымына дайындықты және ағымдағы жұмысын дұрыс бақыламағаны үшін облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұлов пен облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Марат Мәдиевке қатаң сөгіс жарияланды.

Приозерскідегі жалғыз қазандық 1975 жылдан бері пайдаланылып келеді. Приозерск қаласында 13 мың адам тұрады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1542
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6087