Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 6407 25 пікір 7 Мамыр, 2018 сағат 12:27

Әзімбай Ғали. Орыс саған ойыншық емес - Ұлы халық

5 мая, накануне инаугурации президента Владимира Путина по всей стране проходят акции сторонников Алексея Навального «Он нам не царь». Планируется, что акции пройдут почти в сотне городов России, в некоторых городах они уже завершились. Задержаны сторонники оппозиционера в Челябинске, Кемерово, Красноярск, Пензе и Якутске.


Ресей орыстары өздері сайлаған президентке қарсы шығуда.  Ресей орыстарының Путинге қарсы шығуына не себеп?  10 жылға созылған экономикалық стагнация ма? Путин орыстарға Қырымды украиндерден тартып алып берді ғой...

«Бұл - оңай олжа» дейді қарапайым орыс жұрты. Олар мәз. Рас, Путинді Ресейде жақтаушылар тым көп.  Бірақ, тұрмыс құрғыр қысып барады. Ал Путин өз саясатын өзгертпейді, шегінбейді де. Ресей  билігі өз халқын қиындыққа төзуге шақырады. Қырымды Ресей қорытып-үркітіп, сіңіріп алу керек. Батыс елдерінің (АҚШ пен Еуропалық Одақ және НАТО) санкциялары қысып барады. Мұнай бағасы әлі жоғары. Сол қаржы  әзірше қиындыққа төзуге мүмкіндік беріп тұр. Ендігі мәселе, орыс жұрты осы қиындыққа қашанғы төзеді? Міне, мұны болжап айту қиын.

Өзін нағыз орыспын деп есептейтін Путиннің кері шегінер түрі жоқ. Ал Батыс онымен ымыраласқысы жоқ. Иә, Үшінші Дүниежүзілік соғыс басталған жоқ. Есесіне, Екінші Дүниежүзілік Қырғи қабақ соғысы басталғанына, міне төрт жыл (2014 жылдан бері қарай).

Естеріңізде болса, Бірінші Дүниежүзілік Қырғи қабақ соғысы КСРО-ның құлауымен аяқталған. Ал мына, Екінші Дүниежүзілік Қырғи қабақ соғысы Путиннің басқаруындағы Ресейдің ыдырауымен бітетінге ұқсайды.

Менің ойым: неғұрлым осы Екінші Дүниежүзілік Қырғи қабақ соғысы ұзаққа созылса, әсіресе, Шығыс Украинада және Сириядағы соғыс ұзақ созылса, материалдық шығын, әскери шығындар өсе берсе, соғұрлым Ресейде моральдық психологиялық жағдай нашарлайды. Неғұрлым Батыс елдерінің (АҚШ пен Еуропалық Одақ және НАТО) санкциялары қыса берсе, мұнай бағасы төмендесе, орыс халқының бұл қиындыққа төзімі таусылады.  Орыс та адам.  Олар да ет пен теріден жаралаған. Олар да күндердің күнінде бұрқ етіп жанып,  лап етеді де көшеге шығып тұрып алады. Сонда осы орысты ешкім не тоқтата, не көндіре алмайды.

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5393