Президент Назарбаев қырғыз және армян басшыларымен сөйлесті
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының президенті Армен Саркисянмен және Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында, Назарбаев пен Саркисян Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады.
Қазақстан президенті армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде, сындарлы диалог арқылы шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді.
Ал Қырғызстан президентімен екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары, бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысы, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тараптардың өзара ықпалдастық мәселелері жайлы сөз етті.
Abai.kz