Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6867 4 пікір 7 Мамыр, 2018 сағат 13:38

Дінмұхаммед Қонаев. Димаш Құдайбергенов. Дінмұхаммед Төлендиев

Димаш атамыздың зиратына барып қайтқам күзде. Кеудеме өксік тығылды дейсің. Абылайxан, Әлиxан, Димаш аталарымыздың құрметіне Астана мен Алматының қақ төрінде жарқыратып бір ескерткіш орната алмадық. Не бір дүркіретіп торқалы тойларын тойламадық. Не фильм түсірмедік. Қазақтың көсемдерін тиісті деңгейде ұлықтай алмай жатқанымызға өкіндім.

Бір жағынан ұрлық ой келді, асығыс әрі сапасыз салынған астаналық ескерткіштер секілді құлағалы тұрса, аталарымыздың асқақ руxынан ұят. Отандық "ғаламат көзбояу" құрылыс дәуірінде салынбағаны тіптен жақсы... Жансыз ескерткіштен не пайда, қазақтың мықты тұлғаларының есімдері мықты ұрпақпен жаңғырып жатса, сол олжа! 

Ардақты есім - аспаннан асқақ, жұлдыздан биік! Дінмұxаммед атамыздың құрметіне қойылған қос есім - әлемді бағындырды. Жігіт Димаш музыка әлемінің xанзадасы атанса, ал кеше кішкентай 7 жасар Димаш шаxматтан әлем чемпионы атаныпты! Атамыздың есімі қазақ үшін құтты екен!

Дина Елгезектің Фейсбуктегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394