Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3116 0 пікір 3 Ақпан, 2011 сағат 23:12

Нағашыбай Қабылбек. Крутой Хасанғалиевті менсінбейді

Игорь Крутой расымен "крутой" болып шықты. Оны мойындамасқа шара қалмады. Әлем алдындағы Қазақстанның беделін біраз көтеріп тастағаны үшін рахмет айтайық оған. "Астана-Арена" стадионында отыз мың көрерменнің алдында, отызыншы қаңтар күні, Азиаданың ашылу салтанатында әнұранның орнына өзі шығарған шатпағын орындатып бетіміздің отын шығарды демесең, бәрі тамаша өтті.

Бірақ... көріп, сезіп, түйгенімізді айтпасақ ішке сияр емес. Біріншіден Крутой Астанаға «адасып» келген пенде емес. Астана қаласы әкімінің «сырласы», «сыйласы» Һәм «қимасы» деседі білетіндер. Мәскеуден арнайы шақырылып, ашылу рәсімінің қойылымына жан-тәнімен қызмет жасаған композитор Игорға тиісіп өле алмай жүрміз бе, ендеше? Ол келмеген күнде де сыртқа «ғашық» билік басындағы байшыкештер қазақтың тарихынан мүлде мақрұм біреуге «құда» түссе қайтер едік. Сондықтан бұған тәубе дегеніміз дұрыс.

Игорь Крутой расымен "крутой" болып шықты. Оны мойындамасқа шара қалмады. Әлем алдындағы Қазақстанның беделін біраз көтеріп тастағаны үшін рахмет айтайық оған. "Астана-Арена" стадионында отыз мың көрерменнің алдында, отызыншы қаңтар күні, Азиаданың ашылу салтанатында әнұранның орнына өзі шығарған шатпағын орындатып бетіміздің отын шығарды демесең, бәрі тамаша өтті.

Бірақ... көріп, сезіп, түйгенімізді айтпасақ ішке сияр емес. Біріншіден Крутой Астанаға «адасып» келген пенде емес. Астана қаласы әкімінің «сырласы», «сыйласы» Һәм «қимасы» деседі білетіндер. Мәскеуден арнайы шақырылып, ашылу рәсімінің қойылымына жан-тәнімен қызмет жасаған композитор Игорға тиісіп өле алмай жүрміз бе, ендеше? Ол келмеген күнде де сыртқа «ғашық» билік басындағы байшыкештер қазақтың тарихынан мүлде мақрұм біреуге «құда» түссе қайтер едік. Сондықтан бұған тәубе дегеніміз дұрыс.

Игорь Крутойдың продюсерлік орталығының фантазиясының ұшқырлығына халық куә болып «таңдай қақты». Олар не істемеді. Тынық түнде қар жауғызды, сары аязда себелетіп нөсер төккізді, япырмай, естен кетпес телегей теңіз мұхитты айтсаңшы бәрінен, көз алдыңда толқып жатқан. Одан басымыз айнала бергенде сахнаға әр қилы суреттермен көркемделген ежелгі түріктер символдары келе бастады. Тарих қойнауынан сау етіп шыға келгендей әсерге бөлегені керемет шықты. Тегімізді жабайыландырып көрсетіп жүрген қасқаларға үлгі боларлық қадамына гүл бітсін дедік қазақылықпен жылы шырай танытып. Тапқырлығына, «өз бидайымызды өзімізге қуырып» берсе де, алғырлығына тәнті болдық.

Әрине мұның бәрі айтуға оңай болғанмен тынымсыз ізденіспен, күш жігермен келгенін жоққа шығарғанымыз жарамас. Алайда көгілдір экранға телмірген милиондармен, стадионда жүрген отыз мың халықтың көңілінде ашылудағы құйқылжыған әуендер мен желігіңді көтеріп желпіндірер, есінеп кетсең есіңді алар Крутойдың әндері қалғанын несін жасырамыз. Орысшаны былай қойып, ағылшыншаны "іреп" сойып, қазақшаның "төбесін" ойып ән жазуға көшкен Ресей композиторының әлі алысқа шабатыны күмәнсіз.

Жә, осымен қоя қойсақ та болар еді. Бірақ ұйымдастарушылардың білместігі ме, жоқ әлде бәрі бір-ақ қолдан шықсын деді ме Азиаданы ұйымдастыру комитеті Азиада-2010 әнұранын (естеріңізге сала кетейік әні мен сөзі Игорь Крутойдікі) Роза Рымбаева мен Батырхан Шүкеновке шырқатты. Қуаныштың қазанында қайнап, бақыттан жүздері гүл -гүл жайнап жүрген мыңдардың тым болмаса біреуі " расымен ертегілер елінде жүрміз-ау, әйтпесе Ескендір Хасанғалиевтің жүлде алған әні, гимн болып шырқалуы керек еді" деп ойламады дегеніміз біртүрлі болар. Бірақ шаттықтың шарабына "мас болғандар" арасынан бұларың жарамады деген бір жанның кездеспегені рас. Кездесе қалған күндеде оларды дәл сол түні тыңдар құлақ - кеткен еді жырақ.

Дегенмен, Игорь балағының биті бар "бәле" болып шықты. Азиаданың ашылу салтанатын қазақтардың есінде мәңгілікке қалдырғысы келсе керек, Астананың аспанын дірілдетіп, дала төсін  дүбірлетіп, қала көшелерін гүрілдетіп өткізді. Ақысын төлесең боқысын шығаратын азаматтың өз ісіне ыждағатпен қарайтыны кім-кімге де үлгі болса, қанекей. ТМД аймағындағы тілінің «кінәраты» бар Қазақияда өзіне табынушылардың көп екенін көріп «бір концерт өткізетін-ақ жер екен» деп көкірегіне түйіп кеткенін ішіміз сезеді.

Кеше ғана «Азиада-2010» ән ұранына байқау жарияланғанда жүзден аса әннің арасынан қара үзіп келген Ескендір Хасанғалиевтің әні жеме-жемге келгенде ұмыт қалғаны қызық. Ол әнұран ашылу салтанатында шырқалмады, онда конкурсты не үшін өткізгеніміз түсініксіз? Әлде гимнді қазақша шырқау әлемдік "стандартқа" сай келмей қалды ма екен? ЕҚЫҰ-да Саммитінде «орысша сұрақ қойыңдар, қазақша сөйлеу халықаралық талапқа сай келмейді» деп өзеурегендердің сөзі есімізге түсіп жатқасын айтамыз да. Әлде біз білмейтін басқа бір құпия «носы» бар ма? Өйткені қазір қоғамда бізге түсініксіз нәрселер өте көбейіп барады емес пе?

Осыны білмек ниетпен қанша қоңырау шалсақ та "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" АҚ-тың президенті Анатөлі Қожекенұлы Құлназаровпен телефон арқылы тілдесудің сәті түспеді. Ал Игорь Крутойдың номеріне қол жеткізу қарапайым журналистке арманға айналып тұр. Келешекте хабарласып жатсақ ол кісілердің уәжін назарларыңызға ұсына жатармыз.

Ал 7-ші қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында шырқалар гимннің нақты иесі Ескендір ағаны Астанадан шаршап-шалдығып Алматыға жеткен жерінде әрең «ұстадық». Ашылу салтанатында қазақтың маңдай алды ұлдары Асанәлі Әшімов, Әмин Тұяқов, Сауранбаев, Ескендір Хасанғалиевтерге жүктелген миссияда үлкен болғаны көңіл қуантады. Оларға Республикамыздың көк туын көтеріп шығу құрметі тигені белгілі. Жолдан шаршап келген ағадан суыртпақтап білгенімізді алдарыңызға жайып салмақпыз.

"Азияда ұйымдастыру комитетінің әнұранға жариялаған конкурсына 107 ән қатысып, соның ішінен 10 әнді таңдап алып халықтың дауысына жіберген" деді ағамыз. Сол жолы халықтың қолдауымен бас жүлде алғаным рас. Алайда ашылу салтанатында әнұранымның айтылмағанына түсінбей қалдым. Жасыратын несі бар, әйтеуір бір жерінде шырқап қалатындай көрінді де тұрды маған. Бір білетінім спорттық ойындардың басы мен аяғы бір гимнмен басталып, сол гимнмен аяқталуы тиіс. Халықтың өзі мойындап, таза жеңіп алған дүние болғасын ішің ауырады екен біртүрлі. Маған тым болмаса ескерткен де жоқ. Айта салса әйтеуір алаңсыз отырасың ғой. Осыған қайранмын.

Ал ұйымдастырушылардың не істеп не қойып жүргендерінен расымды айтсам хабарым жоқ. Соңғы үмітім Азиаданың жабыларында орындалып қалар деген ой».

Ағамыз осылай деді қынжылып. Бір қызығы ұйымдастырушылар керек етпеген әнұранды Қазақстан ұлттық арнасы үнемі насихаттап, «Қазақ» және «Шалқар» радиолары күнде беріп жатқаны бәрімізге белгілі.

Азиаданы өзінің "ән кешіне" айналдырып жіберген Крутойдың "кругына" кіріп кеткен ағалардың не ойлағаны әзірге бір Аллаға аян. Әртүрлі жорамалдар айтылуда. Соның бірі шындыққа шамалы жанасатындай. Ол Крутойдың «еңбегін» ескеріп, танымалдығын жоғары бағалап, оған ессіз табынған жастардың «тілегін» қанағаттандырып ауылдағы «аузы сасық» Хасанғалиевтің «біртүрлі» әнұранын «қиып» тастаған дегенге саяды. Сенбеске шараң жоқ. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Енді бізге Азиаданы ұйымдастырушылардың қандай сылтау айтатынын күтуден басқа жол қалмады.

www.masa.kz сайты

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394