Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4815 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 08:35

9 мамыр да өтті...

28 Панфиловшылар саябағында бала-шағамен біраз уақыт өткіздім.

Əсерлер:

Орысы бар, қазағы бар тұтас кеудесіне Георгий лентасын тағып алған, көк ленталы жандар ілуде біреу ғана...

Айнала тұтас жыпырлаған қызыл ту...

Соғыс кезіндегі əуендер деген сылтау-желеумен бұрыш бұрыштан естілген орысша əндер.

Мыңқ-мыңқ еткен микрофоннан саңқылдаған орысша əлденелер мен шаралар...

Еңкейген, медаль таққан ардагерлер жоқ. Есесіне суреттерін транспарант қылып ұстап жүрген олардың ұрпақтары сабылып жүр.

Парк айналасы өгіз аяңнан да баяу кептеліс, тығын...

100 теңгеге лента емес, "арын" сатқан қазақтар. Қолдарында буда буда колорада жолақтары. Көк лента сұрасам жоқ дейді. Неге десем "ешкім алмайды" сұраныс жоқ деп өзеуреп тұр. Қажет болса тауып берейін бірақ бағасы 100 емес 300 болады деп қояды бетсіздер...

Түйгенім:

Билік өзін құрдымға тастап жіберген, не тіпті босаңсып қалған. Идеология нөл!

Мына көріністен соң бізді ешкім де сыйламайды. Осылай қадір-қасиетсіз сормаңдай күйде жүрсек, əлі елу жылдан кейін де Мəскеуге қарап телміретін боламыз

Ерболат Қошқарбаевтің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе,мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401