Сенбі, 23 Қараша 2024
Сатира 7799 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 08:54

Жеңгеміз бәрін біледі

...Жолдан шаршап келгеннен бе, көзім ілініп кетіпті. Күбір-күбір дауыстардан оянып кеттім. Келген Күлән жеңгеміз екен. Былтыр күйеуін жерлеген. Қалаға көшеді деп еді...

- Арман келген бе? - деді жеңгеміз шешеме. - Есіктің алдында мәшине тұр.

- Келді, - деді шешем. - Аудан ашылғалы жете алмай жүр еді. Қолы енді тиген сияқты.

- Дұрыс болған екен! - деді жеңгеміз. - Енді әкімге жолығатын шығар?

- Білмедім, - деді шешем. - Әкесінің басына құран оқытып қайтады ғой...

- Е, бопты! - деді жеңгеміз. - Әкім ауылда жоқ дейді ғой. Айтпақшы, сол әкім әнеукүні бір ескі мәшинеге мініп алып, ауылдарды аралапты. Өзі ғана. Содан Қаратоғанға қарай бұрылса, Қатабайдың кемпірі қол көтеріп тұр екен. Әкім әдейі тоқтап, ала кетіпті. Тесік, тесік жолмен шоңқалаңдап келе жатып кемпірді әңгімеге тартыпты.

- Апа, бұрынғы әкімдер қандай болды? - деген ғой.

- Е, аузыңа ессейіндер бір мәшине жүкпен көшіп келіп, кетерлерінде ұрлағандарын бес мәшинеге әзер сиғызды ғой, - депті кемпір.

- Жаңа әкімдеріңіз қалай? - депті әкім өзі жайлы жылы сөз естуге үміттеніп.

- Ол аузыңа ессейін де бір мәшине жүкпен көшіп келіпті. Кетерінде он мәшине болатын шығар, - депті кемпір.

Әкім үнсіз қалыпты. Кемпірді "Партсиезден" түсіріп кейін қайтыпты. Апам дұрыс айтады. Айтпақшы, Арман тұрса айта салыңызшы, мына ауылдың шетіндегі "Нарынқол" деген жазудың ақшасын біреулер жеп қойыпты деп жұрт шулап жүр. Пәленбай миллионға қаңылтырдан ұсқынсыз бірдеңе орната салыпты. Жасағандарды әкім өзі іздеп жүр дейді... Қой кетейін! Ертең келіп, қалғанын айтып беремін.

...Жеңгеміз кеткен соң әлгі қаңылтыр атауды суретке түсіріп алдым. Шынымен де жел соқса ұшайын, сиыр сүйкенсе құлайын деп тұр. Нарынқолдың әкімінің мұны қайта жасатуға тапсырма бергені де рас. Жеңгеміз бәрін біледі. Ертең тағы әңгімесін тыңдаймын...

Арман Сқабыл

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе,мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394