Сенбі, 23 Қараша 2024
3474 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 08:58

Әлеуметтік желідегі лайк үшін 10 жылға соттады

Тәжікстанның Хатлон облысы Вахш ауданының тұрғыны Әлижон Шарипов әлеуметтік желіде лайк басқаны үшін 9,5 жылын түрмеде өткізетін болды. Ол тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясының жетекшісі Мұхиддин Кабири мен қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзода туралы видеосюжеттермен бөліскен.

Хатлон областық соты Шариповқа қатысты сот шешімін жақын күндері шығарған. Дереккөз мәліметіне қарағанда, сот Әлижон Шариповты "Тәжікстандағы конституциялық құрылымды БАҚ немесе Интернет арқылы күшпен өзгертуге шақыру" бабы бойынша кінәлі деп таныған.

"Шарипов Ресейде еңбек миграциясында жүрген уақытта тыйым салынған партия туралы видеосюжеттер, партия жетекшісі Мұхиддин Кабири мен қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзоданың сұхбаттарын қараған, ол видеолардағы "Like" және “Класс" белгілерін басқан. Бұған қоса ол бұл видеоларды әлеуметтік желідегі басқа да қолданушылармен бөліскен", - деді дереккөз.

Шарипов 3 қаңтарда Вахш ауданындағы Мехробод ауылында ұсталған. Жауап алу кезінде ол Кабири мен Назарзоданың видеоларын көп қарағанын мойындады, бірақ бұл әрекетін заңсыз деп ешқашан ойламаған.

2015 жылы күзде Тәжікстан қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың "бүлік жасауға талпынысынан" соң ислам партиясын мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деп айыптады. Тәжікстанның Жоғарғы соты партияны террористік ұйым деп танып, ел аумағында оның қызметіне тыйым салды. Партияның 14 жоғары лауазымды мүшесі ұзақ жылдарға сотталды, екеуі өмірлік жаза алды. Биліктің мәлімдеуінше, генерал Абдухалим Назарзода мен партия жетекшісі Мұхиддин Кабири елде саяси төңкеріс жасау мақсатында 2010 жылы заңсыз қарулы ұйым құра бастаған.

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе,мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404