Бұл мәселе бұған дейін Парламент кеңесінде талқыланған. "Заң жобасы Шешенстан басшысы, Ресей Батыры Рамзан Қадыров мемлекет басшысының қызмет мерзімін созу туралы бастама көтерген соң жазылды", - делінген құжаттың анықтамасында.
Заң жобасы жақында парламент отырысында талқыланады.
Сәуір айында Қадыров қазіргі Владимир Путинді алмастыра алатын ешкімді білмейтінін мәлімдеген.
"Заңды кім ойлап шығарады? Конституцияны кім қабылдайды? Халық! Халықтың мүддесі үшін жасалатын дүние болса, мұндай өзгерісті неге ұсына алмаймыз? Біз Путиннің өзінен оны сұрап жатудың қажеті жоқ деп есептеймін!" - деп мәлімдеді Қадыров.
Владимир Путин Ресейде билік басында 2000 жылдан бері отыр. 2000 жылы мамырда ол президент болып сайланып, бұл қызметте екі мерзім - 2008 жылдың мамырына дейін отырды. Одан соң төрт жыл премьер болды, ал 2012 жылы тағы да президент қызметіне саланды. Төртінші мәрте ол сайлауға 2018 жылы түсті. Кезекті жеңісінен соң ол 7 мамырда Конституцияға ант қабылдады. Заң бойынша, Путин 2024 жылға дейін мемлекет басқарады.
Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз!
Abai.kz