Сенбі, 23 Қараша 2024
2857 0 пікір 14 Мамыр, 2018 сағат 08:43

Париждіктерге шабуылдаған Шешенстан тумасы арнайы қызметтің бақылауында болған

Сенбі күні Париж орталығында халыққа "Аллаху акбар!" деп пышақ ала жүгірген Шешенстан тумасы Хамзат Азимов 2016 жылдан бері радикалды исламшылдар жақтасы ретінде полицияның бақылауында болған.

France Info басылымының хабарлауынша, ол Франция азаматтығын 2010 жылы алған. Хабарларға қарағанда, Азимов 1997 жылы 1 қарашада Шешенстанда туған, Страсбург университетінде оқыған.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасы арқылы Азимовтың республикада дүниеге келгенін, онда 14 жыл тұрғанын растады. Қадыров жас баланың радикал ағымның жетегінде кетуіне Франция жауапты деп есептейді.

Азимовты полиция атып өлтіргенге дейін ол бір адамды пышақтап өлтіріп, төрт адамды жаралап үлгерген.

Шабуыл париждік Опера ғимаратына жақын маңда - Франция астанасының туристер көп жүретін ауданында тіркелді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475