Сенбі, 23 Қараша 2024
3259 0 пікір 14 Мамыр, 2018 сағат 08:47

Қырғыз-тәжік шекарасында жанжал болды

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, 12 мамырда Тәжікстан шекара әскеріні төрт жауынгері автокөлікпен Қырғызстан аумағына шамамен 40-50 метрге дейін кірген.

Тәжікстан шекара күзеті қырғыздың Баткен облысы Лейлек ауданы Сада ауылында кейбір тұрғындардың құжаттарын тексере бастаған. Қырғызстандықтар бұған наразы болған.

"Дау шығып, Қырғызстан тұрғындары тәжікстандық шекарашылар мінген автокөліктің кілтін тартып алған, шағын жанжал болған", - делінген Қырғызстан шекара қызметі таратқан релизде. Мекеме мәліметі бойынша, "оқиға орнына тез арада Қырғызстан шекара жасағы мен құқыққорғау қызметкерлері жетті, жанжал басылды".

Кейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекара қызметтерінің өкілдері кездесіп, тәжіктер жағдайды түсіндірген: "шекара жасағы жас сарбаздардан құрылған, олар бұл жерді білмегендіктен қателесіп Қырғызстан аумағына кіріп кеткен". "Тәжік қызметкерлері қырғыз әріптестерінен болған оқиға үшін кешірім сұрады", - делінген Қырғызстан шекара қызметінің хабарламасында.

Қазіргі таңда болған оқиғаны тексеру жүріп жатыр, ал тәжік жауынгерлері мінген автокөлікті Лейлек ауданы құқыққорғау органдары қызметкерлері тексеруге әкетті. Қырғызстан шекарашылары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының бұл учаскесіндегі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5474