Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3827 0 пікір 14 Мамыр, 2018 сағат 11:35

Халықтық өнерге кім қарсы?

2010-2011жж. Қазақ радиосындағы "Қайырлы таң, Қазақ елі" таңғы бағдарламасын тікелей эфирде жүргізетін кезім. Менің ұстанымым бойынша, 3 сағаттық таңғы эфирде кемінде 3 шығарма халық аспаптарында орындалу керек. Атап айтқанда, қайткен күнде де бір ән(домбырамен), бір терме, бір күй беруді парызым санаушы ем. Алғашқы апталарда кедергісіз берілді. Кейіннен қарсылыққа тап болдым. Бағдарлама жетекшісі рұқсат беріп қол қойып берген ән-күйлерге сол кездегі бас редактор(дау-дамай, іріткі болмас үшін атын атамай-ақ қояйын) "беруге болмайды" деп сызып тастайтын. Мен қадала себебін сұрадым. Оның берген жауабы: "тәңертең берілген дәстүрлі ән-күй, терме адамдардың көңіл-күйін бұзады". Күлкімнің келгені сонша жарылып кете жаздасам да сабыр сақтап тіл қаттым: "мен "елім-айды", "қара пиманы", т,б, беріп жатқам жоқ қой. Оның үстіне, бұрынғы бабалар таңды-таңға жалғап ән салып, күй тартысып, жыр жырлағанда қалай ғана көңілі бұзылмай аман қалған?". "Айтқанды тыңдап эстрадаға ауыстыр" деп "басшылық лауазымына сай" нұсқауын беріп шығарып салды...

Қазақтың радиосында халықтың төл музыкалық мұрасы насихатталамаса одан асқан қорлық болмас. Оның үстіне сол кездегі таңғы бағдарлама ең көп тыңдалатын, тыңдаушысы мол, қоғамдық пікір қалыптастыру қауқары бар, өзгелерді санастыра алатын деңгейде еді. Әлгі нұсқаумен тоқтап қалмай дәстүрлі ән-күйлердің ебін тауып беріп жүрдік. Онда да, "пәлен композитордың туған күні еді, мерейтойына орай таңдап алдық, еске алу кеші өтеді екен", – деген желеумен тағы біраз уақыт эфирде халықтың мұрасын дәріптеуге тырыстым.

Тағы бір күні әлгі бас редактор барлық дәстүрлі әнді сызып тұрып, "бұларды берме дедім ғой" , – деп қатқылдау үн қатты. Тағы да ақтай отырып себебін сұрадым. Ол: Астанадан "бермеңдер, беруге болмайды, тыңдарманның көңіл-күйін бұзады деп жатыр", – деді. "Нақты кім айтты?" – деген сауалыма жауап қатпады. Таң қалмасқа, ренжімеске шара жоқ. Өзі кейде қайбір әнді көбірек беруді міндеттейтіні бар. Ал дәстүрге келгенде айтары анау....

Сол кездегі сызылып қалған ән кестелері менде әлі күнге сақтаулы. Кесте түгілі, қазақтың музыкалық мұрасына деген қарсылық та көңілімнен кеткен емес. Шынымен де, ұлттық өнерді насихаттауға кім кедергі?

Жарқын Сәленұлының Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483