Сенбі, 23 Қараша 2024
3478 9 пікір 15 Мамыр, 2018 сағат 08:36

Газада 50-ден астам палестиналық қаза тапты

Газа секторы шекарасында Израиль әскерімен қақтығыс салдарынан кем дегенде 52 ереуілші қаза тауып, шамамен екі мыңға жуық адам медициналық көмекке жүгінген. Қақтығысқа 14 мамырда АҚШ-тың Израильдегі елшілігінің Иерусалимде ашылуы себеп болды.

Елшілік Тель-Авивтен Иерусалимге АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен көшірілді.

Палестиналықтар Вашингтонның әрекетіне наразы, өйткені олар болашақта өзінің астанасын Иерусалимнің шығыс бөлігіне орнатқысы келеді.

Таңертең Газа секторына ондаған мың ереуілші жиналды. Шекараға беттеген наразы топты Израиль күштері оқпен қарсы алды, деп хабарлады ​Би-би-си.Ереуілдегілер автомобиль дөңгелегінің тысын өртеп, шекара жаққа тас пен өртейтін бомбалар лақтырды. Израиль жақтан мергендер әрекет етті.

Палестина автономиясы үкіметінің өкілі Юсуф әл-Махмұд Израиль билігін "қанды қырғын" үшін айыптап, халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Amnesty International ұйымы ереуілдеушілерді атқылауын адам құқықтары мен халықаралық құқықтарды өрескел бұзу деп атады.

AI мәліметі бойынша, дүйсенбі күні 500-ден астам палестиналық жараланған. Халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйым атысты тез арада доғаруға шақырып, болған оқиғаны "сұмдық" деп сипаттады.

Израиль билігі болса шамамен 40 мың палестиналық жаппай тәртіпсіздік жасағанын, шекара бойындағы бөгетті 13 жерден бұзуға тырысқанын, соған байланысты әскер мұндай жағдайға сай әрекет еткенін мәлімдеп отыр.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496