Сенбі, 23 Қараша 2024
2917 0 пікір 16 Мамыр, 2018 сағат 09:59

Ташкент пен Худжанд арасындағы автобус қатынасы қайта ашылды

26 жыл үзілістен соң қайта ашылған Ташкент-Худжанд бағыты бойынша алғашқы жолаушы автобусы өзбек астанасынан көне Худжад шаһарына 15 мамырда түсте келіп жетті.

Ташкенттен келген қонақтарды Тәжікстанның Соғды облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары Рустам Рахматзода күтіп алды. Қонақтарды қарсы алу салтанаты кезінде белгілі болғандай, келесі аптадан бастап Душанбеден өзбектің Термез қаласына жолаушы автобус қатынай бастайды.

Өзбекстан көлік министрлігінің өкілі ​Хайрулло Каримовтың айтуынша, жақын уақытта Душанбе-Денау, Пенджикент-Самарқан, Ташкент-Ферғанам бағыттары бойынша автобус қатынайды.

Худжанд-Ташкент бағыты 50 сомони ($5.5) тұрады, болашақта билет бағасы өзгеруі мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5493