Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2388 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 12:56

74 отбасы үйіндегі 108 бала тәрбиесі

Қазіргі уақытта облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1463 бала бар. Оның ішінде 697 бала - жетім, 658-і - ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар.
Қазіргі кезде осындай баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, балаларға ата-аналық махаббатын сыйлаған жандар баршылық. Сондай алтын жүректі жандарға Үкіметіміз қолдау көрсетуде. Мысалы, соңғы жылдары баланы жаңа отбасына бейімдеудің тағы бір түрі - патронаттық тәрбие жолға қойылды.
Патронаттық тәрбие - жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен, айналасындағы адамдармен тұрақты түрде қарым-қатынас жасап отыруына және олардың психикасының дұрыс дамуына әсері мол. Қазіргі уақытта облыста 74 отбасы үйінде 108 бала тәрбиеленіп жатыр.
Облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті тоқсан сайын патронат отбасы үйлерін аралап, олардың жағдайларымен танысып, қиындық туындап отырған мәселелері туралы әңгімелеседі.

Ақтөбе қаласында бір отбасында бірнеше баладан тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Қазіргі уақытта 9 отбасы 2 баладан тәрбиелеп отыр. Олардың ішінде Балкүміс Исмағұлова, Бағдагүл Қазбанова және тағы осбасқа патронат тәрбиешілері өздерінің қамқорлығына алған балалардың тәрбиесіне, білім беру және әлеуметтік мәселесіне ерекше көңіл бөліп, барлық жағдайлар жасап отыр. Тәрбиеленушілер де өздерінің қамқоршы тәрбиешілеріне дән риза. Отбасының негізгі міндеті - баланы еңбек етуге, алдына мақсат қойып сол мұраттарға жете білуге тәрбиелеу. Отбасындағы ересектері өздерінің өнегесі арқылы жас балаларға үлгі болады.
Әрбір баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының Үкіметі патронат тәрбиешілеріне белгіленген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төлеп отыр.
Балалар үйіндегі балаларға үкімет қанша жағдай жасаса да, ата-ананың мейірім шуағына жетпейді. Сондықтан жүрегі кең, тұрмысы тәуір азаматтар балалар үйінен қамқоршылыққа, патронатқа бала алып жатса, елімізде жетім балалар саны азаяр еді…

Б.ТОЙБАЗАРОВА,
облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің
қорғаншылық және балаларға көмек бөлімінің бас маманы
«Ақтөбе» облыстық газеті 9 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602