Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 4825 16 пікір 18 Мамыр, 2018 сағат 10:50

"КСРО қазақтың территориясын сызып берді" деген не сандырақ!

"Қазақты қатарға қосып, қала салып берген", "отырықшы ел еткен", "қазақтың қазіргі мемлекеттік территориясын сызып берген - Мәскеу" деп келетін тарихи қате сөзге ұрынып, ал, ұлттық, адамзаттық тұрғыдан озбыр саясаттың сойылын соғып жүргендерге Асхат Қасенғали әлеуметтік желідегі жазбасында нақты деректермен кезекті рет қарсы жауап берді. Асхаттың  жазбасында келтірілген статистиканы әр қазақ қана емес, қазақ жерін мекендеп өмір сүріп жатқан диаспора өкілдері тегіс жатқа білуі керек шығар. Асхат былай дейді:

"1916 жылғы соғыстан 500 мың қазақ опат болып, жүздеген мыңы өзге елге босып кетті. 1918-22 жылдардағы азамат соғысында тағы осынша халық қырылып қалды. 1921-22 жылдардағы аштықтан 1 миллион қазақ қаза тапты. 1928- ден бастап тәркілеу басталып, қазақты қынадай қырды. Көнбегенін атты, ит жеккенге айдады. 1931-33 жылдары сұмдық аштық пен қасақана жасалған геноцид 2,7 миллион қазақтың өмірін жалмады. Миллионнан астамы босып кетті. 1937-38 жылдары барлық зиялы қауымды қудалап, қырып салды. Ресми статистика 27 мыңын атты дейді, бейресми деректер жүз мыңнан астам дейді. 1941-де қазаққа қатысы жоқ соғысқа (орыс отарламаса неміспен соғысып неміз бар) айдап тығып, 600 мың еркекті жусатып салды. 1949 жылы атом бомбасын сынауды бастап, тағы қырғын салды.
КСРО құрылғаннан кейін, орта есеппен әр бес жыл сайын қазақтың басына нәубет келіп отырды. Осының бәрін көріп отырып, "КСРО қазақтың жүздерінің басын қосып ұлт жасады, территориясын сызып, мемлекет етті" деген не сандырақ?!"

Асхат Қасенғали

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524