Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2993 0 пікір 7 Ақпан, 2011 сағат 22:45

Мұхтар Шаханов. Мүсірепов және басқалар

«Жалын» журналының 2004-нші жылғы нөмірі бесінші санына жарияланған Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан анатомиясы» деректі романының кезекті бір тарауындағы «Мүсірепов және басқалар» деген бөлігінде қазақ әдебиетінің тау тұлғаларының бірі, әйгілі жазушы Ғабит Мүсіреповтің 1931-1933-нші жылдардағы жаппай ашаршылық кезіндегі қасіретті қазақтың халін жоғарыға жеткізген тарихтағы «Бесеудің хаты» аталған хатты жазғандардың бірі болғанын және қазақ әңгімесінің атасы атанған Бейімбет Майлин «халық жауы» деген жаламен ұсталған шақта шырылдап араша түскені баяндала келіп, Ғабеңнің осы екі ісі басын өлімге тіккен ерлік деп бағаланған. Бізде оқырман ретінде авторға толық қосыламыз!

Репрессия жылдарында қазақтың бас көтерер саналы азаматтарын қынадай қырып жатқан тұста Ғабеңді қаралаған, сол арқылы қазақ санасының жас буынына дейін орып жібермек болған қанқұйлы совет өкіметінің сұрқия саясатының бір бетін дәлелдейтін тарихи құжатты Мұхтар Шаханов өз деректі романында келтіріпті. Бүгінгі қазақ зиялысына Ғабеңдердің көзсіз ерліктері мен азаматтық ұстанымы үлгі болсын және совет өкіметінің қазаққа жасаған орасан зор қиянаты жас балалар жадында тарих болып жатталсын деген ниетпен деректі романдағы құжатты ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

«Нақ сол Ғабең қайтар қыстың көктемінде, қадір тұтатын қаламдас ағам Сафуан Шаймерденов Мүсірепов туралы сонау ілміғайып заманда жарияланған, әр сөйлемінен өлім ызғырығы сезілген, бүгінде сақалды тарихқа айналған мақаланың көшірмесін берген-ді:

«В ПАРТИЙНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ СОЮЗА ПИСАТЕЛЕЙ

Два-три месяца назад в республиканской печати появились статьи, разоблачающие национал-фашистскую агентуру, орудовавшую в Союзе советских писателей Казахстана. Писатель коммунист Габит Мусрепов, бывший в то время заведующим культпросветотделом ЦК КП (б)К, бил себя грудь, заверяя тогда партийную группу правления Союза советских писателей Казахстана в том, что он несет полную ответственность и ручается за политическую благонадежность своего соавтора Беймбета Майлина.

Б. Майлин разоблачен как подлый предатель Родины, как один из соучастников национал-фашистской банды.

Этот факт, а также вся гнилая политическая позиция Мусрепова, покрывавшего в течение долгого времени заклятых врагов народа, орудовавших в Союзе писателей, явились предметом обсуждения на последнем собрании первичной парторганизации Союза писателей.

Собрание постановило выразить политическое недоверие Мусрепову. Но так как он еще состоит на учете в первичной парторганизации ЦК КП (б)К, собрание постановило просить парторганизацию обсудить вопрос о партийности Мусрепова».

«Казахстанская правда» 11.09. 1937 г.»

Газет хабарының көшірмесін Ғабеңнің өзіне көрсетіп едім: «Парасаты мен пенделігі егіз біздің ортаның сол кезгі бір көрінісі ғой», - деп жымиды да қойды».

«Жалын» журналы, №5, 2004 жыл

0 пікір