Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2723 0 пікір 8 Ақпан, 2011 сағат 06:31

Кеңес одағының, Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі Роза Бағланова дүниеден өтті

Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ - Белгілі опера және эстрада әншісі, Кеңес одағының, Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі Роза Бағлановаауыр және ұзаққа созылған сырқаттан кейін дүйсенбі күні 89 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Қазақстанның халық қаһарманы Р. Бағланова кезінде Қазақ опера және балет театрының, Қазақ мемлекеттік филармониясының, «Қазақконцерттің» жеке орындаушысы болып еңбек еткен.

Р. Бағланова еңбегі мен шығармашылық қызметі үшін екі рет Ленин Орденімен және Халықтар достығы мен Еңбек қызыл ту ордендерімен марапатталған.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Р. Бағлановамен қоштасу рәсімі 10 ақпанда сағат 10-да Абай ат. мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді.

Қазақстан журналистерінің одағы мен «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігі марқұмның туған-тауыстарына шын жүректен қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

0 пікір