Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2626 0 пікір 8 Ақпан, 2011 сағат 22:00

Серік Ақсуатұлы. Өзегі бөлек өктем жұрт...

Ассамблеядағы асы бөлек асқақ жұрттан ақтамақ жасау қиын. Бабыл мұнарасын тұрғызғандар бір тілде сөйлесе аспанға жеткен болар еді. Асан қайғы, Қазтуған, Бұхар арманы қаны тамған жерге қарға тамыры қосылмас халықтар (дұрысы диаспораларды) жинап алу емес екенін айтудың керегі жоқ.

Иә, олардың біздің жерімізге келгеніне кінәлі емеспіз. Олар да кінәлі емес, бірақ олар өз тілінде сөйлетуге міндетті емеспіз. Неге орыс тілін, поляк тілін, шешен тілін, азербайжан тілін, ұйғыр тілін жексенбілік мектептер, басқа да шаралар арқылы қазақ елі ақшасына дамытып, өсіруіміз керек. Сонау жоңғар шапқыншылығынан бері алапат аштық кезінде де, кейін де қай халық қазаққа көмек қолын созыпты? Іргедегі қырғыз Кенесарының мойынында пышағының өткірлігін сынап, Наурызбайдың жүрегін жарып көрсе, өз ағаң өзбек Тас қалаңды Ташкент  жасап, қазаққа шапанын кигізіп, шатын ауыртпай сан көбейтті. Қытай қамал, орыс амал саныңды соқтырып, өкініш өртіне орап, көңіліңді кәуап, сүйегіңнен сауыт, жаныңнан жаға жасады.

Ассамблеядағы асы бөлек асқақ жұрттан ақтамақ жасау қиын. Бабыл мұнарасын тұрғызғандар бір тілде сөйлесе аспанға жеткен болар еді. Асан қайғы, Қазтуған, Бұхар арманы қаны тамған жерге қарға тамыры қосылмас халықтар (дұрысы диаспораларды) жинап алу емес екенін айтудың керегі жоқ.

Иә, олардың біздің жерімізге келгеніне кінәлі емеспіз. Олар да кінәлі емес, бірақ олар өз тілінде сөйлетуге міндетті емеспіз. Неге орыс тілін, поляк тілін, шешен тілін, азербайжан тілін, ұйғыр тілін жексенбілік мектептер, басқа да шаралар арқылы қазақ елі ақшасына дамытып, өсіруіміз керек. Сонау жоңғар шапқыншылығынан бері алапат аштық кезінде де, кейін де қай халық қазаққа көмек қолын созыпты? Іргедегі қырғыз Кенесарының мойынында пышағының өткірлігін сынап, Наурызбайдың жүрегін жарып көрсе, өз ағаң өзбек Тас қалаңды Ташкент  жасап, қазаққа шапанын кигізіп, шатын ауыртпай сан көбейтті. Қытай қамал, орыс амал саныңды соқтырып, өкініш өртіне орап, көңіліңді кәуап, сүйегіңнен сауыт, жаныңнан жаға жасады.

Әзір «Карфаген құлауға тиіс» демейміз. Әзір. Дегенмен өзге ел тәжірибесіне назар салуға да болады. Қытай мемлекетін жаулаған қидандар, шатолар, түркілер болатын. Мұңғұл, мәнжу, сібелер қытайлардың ескі қанына ес әкеліп, жаңа көкжиектерге қол создырды. Кәрінің ақылына жастық қуат қосылды да қатарға қосылды, жоғалмай жол тапты. Егер Басе болмаса, қытай лирикасы биікке шықпас еді. Ал қыпшақтар болмаса, орыстар ешкім емес еді. Әсіресе, Алтынордалық түркі-монғолдық хандар болмаса, Ресей өлімі уақыт ісі болатын. Невский емес, Сартақ еңбегі ұмыт болды. «Кто пришел с мечом, тот погибает от меча» деген сөз Невский сөзі емес болатын, білгіш Лихачев осыны айтады. Есесіне Ресей жаңа иіс, қуатты қанға Барыс Көтенов (Годунов), Карамзин, Чаадаев, Толстой, Баскаков, Аксаков, Қазанбек секілді түркілер, Кутузов, Татищев (түркі), Кантемир (молдаван), Долгорукий (курд), Багратион (грузин) сияқты өзге ұлттың иығына өз мәселесін салып, өрге шықты.

Туған елді кейде басқалар Армантауға апарады. Пекинді салған түркілер, Зороостаризмнің негізі көшпелілерден басталады, Американы держава жасаған үндістер емес, кеңес төңкерісін жасаған орыстар емес, Францияны ұлы мақсаттарға апарған корсикандық Буанопорте болатын, Қытайды бүгінгі күнге жеткізген еврей-орыс идеясы еді. Гомер эпосы Грецияда туған жоқ болатын. Бүгінгі Израильді жасау идеясы онда мүлдем болған жоқ. Польшалық, Германиялық, Ресейлік еврейлер арманы Америка арқылы ақшалы қапшықтармен жүзеге асты. Рем мен Ромул римдік емес, христиан дінін жасаушы, 12 апастол бәрі еврей болатын. Гитлер еврейлерді олардың тым биік, әлемді билемек армандары үшін төңкерісшілерді тудыра берер табиғаты үшін жек көрді, өлтірді, қырды. Еврейлерді қайық жасап, Англия (И.Ньютон), Америка (Форд), Ресей (Троцкий) секілді мемлекеттер пайдаланды. Ал түркілерді Қытай, Ресей, Арабтар (Әл-Фараби), парсылар (Низами) молынан қажетіне асырды. Бұлғарлар, хазарлар, казактар христиан, еврей діні өкілдеріне айналып енесіне шапты.

Демек, біз тарихы мол, бірақ саясат майданында тісі шықпаған жұрт екеніне қарамастан қаперге аларымыз көп.

Бұл орыс әсері, орыс ұлтының қазақ рухани әлеміндегі сайранын саналы түрде жою керек. Өйткені бұл ел өкілдерін илеп көндіру мүмкін емес. Орыста отан жоқ, атасының басы болмаса да ақша табар жерді жайлап жүре береді. Бүгін олар күрес тәсілін өзгертті, билікке қол жетпесіне көз жеткізген соң орысшыл шенеуніктерді өзіне қаратуға көшті. Орыс деп емешесі үзіліп, мүйізі сырқырап, пәйкісі ауырып тұратын Қажыгелдин, Әлиев, Ертісбаев секілді жандар соған куә. Бұлардың ішінде Олжас секілді ақылы кәрі ағалардың бар екені тек тіс ауыруы екенін, жүрек ауыруы, жылқы жылы ілгері екенін көрсетеді. Иілуі қиын, сөгілуі ауыр жұртты ақпараттан айырып, қала берді қазақ образына үйрете әкеліп, шыжымдата тартып, шығындана барып алармыз. Руханилыққа көп бой ұра бермес орысты тұрмыс тегеурінімен алмақ ләзім.

Ал, өмірі бостандыққа құмар, тіршілігі зармен өткен ұйғыр туыстың ішкі қуаты сарқылып болған жоқ. «Шәшім бір құшақ, қабырғам пышақ болды» - дер Садыр палуаны бар жұрттың ұлттық санасы өсу үстінде. Ұйғырдың жауы қазақ емес, қытай екеніне сендіру, иландыру, көндіру, нандыру жазушылар ісі. Теледидардан көрер ұйғыр ансамблі іштерінде бір қазақ аспабы жоқтығы ойландыруға тиіс. Бұрын ұйғыр тілінде сөйлер зиялы қауымның балалары қазақпен шығыспас орыс тілдерінде сөйлей бастады. Мәскеуде өлген Насыров, тірі Ахмадиева, қазақтың бір әнін айтпай күн кешуде. Бұл қалай? Бар ассамблея мемлекеттік тілде өнер көрсетер бір ансамбль тудырған жоқ. «Есенсіз бе?» деген ерін ұшы әлі ерімей жатқан ішкі мұздан хабар береді. Кешегі халық қалаған Төле, Қазыбек, Әйтеке орнына келген қалаулылар өзге ұлттың мүддесін көтеріп отыра бермек пе? Елбасын мақтау, елді мақтау емес, елді мақтау елге қызмет емес, Қазақстанға қызмет, қазаққа қызмет емес. «Қазаққа қызмет» деген атақ та, төсбелгі де жоқ. Біз әлі қарғыс пен алғысты кімге берерімізді анықтамаған мемлекетпіз. Үйін берген қазақты бүгін сауып, сорып, алдап байыған жат табалдырығына табан тигізбейді.

Ал неміс, поляк, армян т.б. жұрт күні үшін жүрген түпкі арманы ауа көшу секілді суық ойларға толы өрісі басқа, өзегі бөлек. Олар балта басы көтерілсе, ары аунай салуға лайық, даяр.

Қос полюстің басын қосу қандай қиын болса да, «рельстердің қосылар» шағы туды. Өзге халықты иіп әкеліп қазақ мұратына қосу керек. Бізге осыған сай образдар қажет. Бұған дейінгі қазақтан бездірер Құнанбайлар, Науан қазіреттер, Шәріпжан молдалар, Итбайлар шеруі тоқталар кез жетті. Қазақ қазақ елінде (Қазақстанда) бар бояуымен көрінуі тиіс, сүйсіндірер, сүйдірер, сендірер түрде.

Бізге тілін ұмытқан, ділін білмес, қағынан қисық үр жаңа қазақ емес, ескіні жадында, бүгінді тәнінде, ертеңді жанында ұстар қазақ керек. Қазақ үшін қорамсаға қол салар, қонышы мен қолтығынан қазақ иісі шығар жан керек «біздің іске». Америка Рэмбосын, Англия «007-сін», орыс «ұлттық агентін» санаға шегелеуде. Біз қайтеміз?  Ақылың бар ма? Ағалар...

www.masa.kz сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529