Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
3861 0 пікір 23 Мамыр, 2018 сағат 08:34

Еуропалық одақ Израильден Хайфадағы шабуылды тергеуді талап етті

Еуропалық одақ Израильді өткен аптада Хайфада демонстранттар мен полиция арасындағы болған қақтығысты тергеуге шақырды.

Еуропалық сыртқы саясат қызметінің сейсенбі күні, 22 мамырда таратқан мәлімдемесіне сәйкес, қақтығыс кезінде Mossawa араб-израиль құқық қорғау ұйымының жетекшісі Жафар Фарах зардап шеккен.

Фарах Израиль полициясын өзін ұстаған кезде, "күш қолданып, аяғымды сындырды" деп айыптады. Израиль ақпарат құралдарының мәліметінше, полиция наразылық акциясына қатысушыларды ұстау кезінде Фарахтың аяғын сынғанын теріске шығарған.

Брюссель Израиль билігінің Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымының аймақтық бөлімшесінің жетекшісі Омар Шакирдің визасын жарамсыз еткенін айыптады. Енді оны елден шығару қаупі тұр. "Еуропалық одақ Израиль бұл шешімді қайта қарайды деп үміттенеді, олай болмаған жағдайда Израиль HRW қызметкерлерін еліне жібермейтін мемлекеттер тізіміне енеді",– делінген мәлімдемеде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1527
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3147
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1143
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1056