Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2299 0 пікір 8 Ақпан, 2011 сағат 22:09

Серікбай Алпысұлы. Миы бар да, тілі жоқ...

Диалектикалық материализм қағидалары бойынша қоғамдағы қай­шылықтар - дамуға ықпал ете­тін қозғаушы күш. Біз мұны өз еліміздегі мемлекеттік тіл тө­ңірегіндегі біріне-бірі қарама-қай­шы жағдайларға байланысты еске алып отырмыз.
Мемлекеттік тіл проблемасы қа­зір күн тәртібіне қатаң қойылып, жан-жақты талқылануда, оның тағ­дырына алаңдаушылық ашық айтылып жатыр, заң қабылданып, мемлекет тарапынан біршама істер қолға алынды да. Алайда, нәтиже онша емес, жетістіктер мардымсыз. Қоғамдағы шынайы ахуалға қай­шы келіп, бүкіл республика аза­маттарын бір сәтте, бір жылда қазақша сөйлеуге көшіру немесе көндіру, тіпті мәжбүрлеу керек деп талап қоятындар да бар.
Әрине, көпшілік ондай ұш­қа­рылықтан аулақ, бірақ, Тәуел­сіздіктің 20 жылы ішінде 20 сөз үй­ренбеген қандастарымыз, отандас­тарымыз туралы не айтамыз?
Біз мемлекеттік тілді меңгер­меген өзге ұлт өкілдерін айыптауды қойып, өз қандастарымыздың, жас­тарымыздың нигилистік психо­логиясына қарсы күресуіміз қажет. Тіл мәселесінің күрделі теориялық түйсіндерін айналшықтай бермей, проблеманы қарапайымнан күр­деліге қарай талдасақ: бүгінде біз, қазақтар ана тілімізде сөй­леуді қойдық, тіпті, жастар емес, жасамыс екі қазақтың бір-бірі­мен орыс тілінде шүлдірлеп оты­ратыны үйреншікті көрініс. Ал жас­тарымыз ана тілін білмейтініне еш қымсынып, намыстанбайды.

Диалектикалық материализм қағидалары бойынша қоғамдағы қай­шылықтар - дамуға ықпал ете­тін қозғаушы күш. Біз мұны өз еліміздегі мемлекеттік тіл тө­ңірегіндегі біріне-бірі қарама-қай­шы жағдайларға байланысты еске алып отырмыз.
Мемлекеттік тіл проблемасы қа­зір күн тәртібіне қатаң қойылып, жан-жақты талқылануда, оның тағ­дырына алаңдаушылық ашық айтылып жатыр, заң қабылданып, мемлекет тарапынан біршама істер қолға алынды да. Алайда, нәтиже онша емес, жетістіктер мардымсыз. Қоғамдағы шынайы ахуалға қай­шы келіп, бүкіл республика аза­маттарын бір сәтте, бір жылда қазақша сөйлеуге көшіру немесе көндіру, тіпті мәжбүрлеу керек деп талап қоятындар да бар.
Әрине, көпшілік ондай ұш­қа­рылықтан аулақ, бірақ, Тәуел­сіздіктің 20 жылы ішінде 20 сөз үй­ренбеген қандастарымыз, отандас­тарымыз туралы не айтамыз?
Біз мемлекеттік тілді меңгер­меген өзге ұлт өкілдерін айыптауды қойып, өз қандастарымыздың, жас­тарымыздың нигилистік психо­логиясына қарсы күресуіміз қажет. Тіл мәселесінің күрделі теориялық түйсіндерін айналшықтай бермей, проблеманы қарапайымнан күр­деліге қарай талдасақ: бүгінде біз, қазақтар ана тілімізде сөй­леуді қойдық, тіпті, жастар емес, жасамыс екі қазақтың бір-бірі­мен орыс тілінде шүлдірлеп оты­ратыны үйреншікті көрініс. Ал жас­тарымыз ана тілін білмейтініне еш қымсынып, намыстанбайды.
Мені бір сұрақ қинайды: ар­ғы уақытты айтпай-ақ қоялық, Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде бүгінгі жоғары білімді жастарымыз не мектепте, не институт-уни­верситетте ана тілін білу, құрметтеу мәдениеттіліктің, зиялылықтың бас­ты шарты екенін, ұлттық на­мысы жоқ өрен-отансыз, ұлтсыз, тексіз жетім екенін естіп-білмегені ме? Бұған кімді кінәларыңды біле алмайсың.
Тіл - ата-ана, отбасы, балабақ­шадан бастап, мектеп, қоғам­дық орта арқылы үйретіліп, қалып­тастырылады. Ұлттық тілде тәрбие беретін балабақшалар әлі жас сәбидей балаң, қалыптасу үстінде. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қазақ телевидениесінде «Балапан» деген арна әрең ашылды. Ал мек­тептер... әйтіп-бүйтіп қазақ тілін оқытқан болып жатыр. Одан мем­лекеттік тілде жатық сөйлеп, жа­за білетін орыс-қазақты көре қой­майсың (орыс тілінде оқытатын және аралас мектептерді айтамыз).
Орыс мектептеріне қазақ тілін оқыту енгізілгеніне жарты ғасыр. Нәтиже неге жоқ? Мұғалімдерге қыруар қаржы босқа төленгені ме? Дәп солай. Мұның өзі көзалдау жұмыс еді, әлі де сол қалпында. Бір мысал келтірейін. Одақ тарамаған, тараудың қарсаңындағы кез. Об­комның идеология жөніндегі хат­шысы Қуаныш Сұлтанов қазақ театрында кездейсоқ кездесе кетіп, Қарағандыдағы ірі орыс орта мектебінде қазақ тілін оқытатын тамаша мұғалима барын айтып, сол кісіні газетке жазуды тапсырды. Ол мектеп қаланың ортасында, Ленин кинотеатрының маңында екен, ертеңгілік кезде бардым. Мектеп директоры мұғалиманы (аты-жө­нін әдейі атамай отырмын, негізі қаладағы жақсы ұстаздардың бірі.) жер-көкке тигізбей мақтады. Қазақ тілі пәніне кабинеттер бөлу басталған кез ғой, дағарадай бір бөлме беріпті. Іші толған көрнекі құралдар, қазақтың тұрмыстық бұйымдары, қолөнер, зергерлік зат­тары, қазақша кітаптар. Ішім жылып қоя берді. Жоғары сы­ныптың ұл-қыздары кабинетті жу­ып, тазалап жүр, мұғалиманы қатты сыйлайды екен. Жуырда осы жоғары сынып оқушылары «Абай» пьесасын қойыпты. Таңданғаннан есім шықты. Мұндай жетістікті естіп біл­меген едім. Бірақ, қуанышым ұзаққа бармады, жаңағы «Абай пьесасын қой­ған оқушылардың бір де бірі бір ауыз қазақша сөз білмейді екен! «Бұл қалай?!» деуден басқаға шамам келмей, мұғалиманың бетіне телміре қарап, отырып қалдым. Ол кісі де ақталарға сөз таппай: «...енді осы ғой, қарағым... ептеп жұмыс істеп жатырмыз...» деп міңгірлей берді.
Бұл таңдануға болмайтын, сол кездегі кәдімгі үйреншікті көз­бояу­шылық жағдай еді. Қазақ тілі пәнін білмесе де, ұнатпаса да әдейі құрмет көрсеткен түр көрсетуді, сөйтіп жоғары жаққа жақсы пікір туғызуды асқан шеберлікпен ұйымдастырып жүрген мектеп директоры екен. Ол заманда да, қазірде де, «анықтама» деген пәлемен жұмыс істеу басым ғой, демек, обком хатшысын біреулер оңдырмай алдаған. Әр деңгейдегі билік басындағы ше­неуніктер істің нақты жағдайын өздері немесе аппараты арқылы бақылап, ба­ғалап отыруға уақыт таппай, әйтпесе, мойны жар бермей, анықтама арқылы қорытындылайтын қырсықтан қоғам әлі құтыла қойған жоқ.
Енді көзбояушылықты тоқтатып, шындықпен жұмыс істесек, не бо­латынын талдап көрелік. Мем­лекеттік білім беру жүйесінің бағдар­ламасына енген пәндерді меңгермеген оқушылар, студенттер аттестат немесе диплом ала алмайды, сыныптан сыныпқа, курс­тан курсқа көшірілмейді. Қазақ тілі де сондай пән қатарында. Одақ кезінде бұл пәнді меңгермегендер оқу орындарын еш кедергісіз бітіріп жатты. Қазір де солай. Өйткені, талап заңға сәйкес болса, мектепті де, университетті де санаулы ғана адам бітіріп шығар еді немесе оқу орындары түгелге жуық жабылып тынар еді.
Мемлекеттік грантты аз алған ЖОО-ры қазір қатты қиындық көріп отыр. Ол қиындықтың ең сорақысы үл­гермеген студенттерді шығарып жібере алмайды, өйткені, онда өзі қаржысыз қалады. Сөйтіп, үлгерсін-үлгермесін, оқысын-оқымасын, әйтеуір диплом беріп шығарып жатыр. Қазірдің өзін­де оқымаған, білімсіздерден гөрі дип­ломды ақымақтардың қоғамға қан­шалықты зардапты екенін көріп жатырмыз. Екінші жағынан «әйтеуір оқыса болды» деген пиғылмен бала­ларын институтқа түсіру біздің қа­заққа әуес іске айналды. Мұндай та­лапсыз, күйкі ниет дипломды жұ­мыс­сыздар армиясын қаптатып, осы­нау қайшылықты құбылыс енді мемлекеттің алдына күрделі міндеттер қойып отыр.
Жалпы, Кеңестер Одағының бі­лім беру жүйесі мемлекет пен ха­лық мүддесіне соншалық қиғаш ке­ле қоймайтын. Қазір мемлекеттік тіл­де оқытуды бірінші кезекке қою мақсатына он екі жылдық оқу жүйе­сіне көшу, замана талабына орай жаңа пәндер енгізу науқандары араласып, жұмысты тым ауырлатып, жүйені күр­делендіріп жіберді. Бұларға тота­литарлық заманнан қалған қисынсыз қайшылықтар қосылып, ескі мен жаңа жеңісе алмай жатыр.
Бір жағдай есімнен кетпейді. 1959 жылы Қарағанды пединститутының тарих-филология факультетіне қабыл­дау емтиханы қатарына неміс тілі пәні де енгізілді. Ал қазақ бөліміне түсуге талап қойғандар арасында неміс тілі түгілі, орыс тілінде ойын айта алатын бір адам жоқ-ты. Әлдебір қаулыға орай, кейбір балалар мектепте неміс, ағылшын тілдері оқытылмағаны (мұ­ғалім жоқтықтан.) туралы анық­тап әкеліпті. Ең қызығы, со­ған қарамай, формальды түрде ем­тихан қабылданып, оқуға түстік. Қи­ындық енді басталды: неміс тілі жоғары оқу орнының бағдарламасы бойынша оқытыла бастады. Оқытушы аудиторияға тиісті талапқа сай не­місше сөйлеп кіреді, осы тілде тү­сіндіреді. Біз ештеңе ұқпай, көзіміз жыпылықтап, үнсіз отырамыз. Пәннен «үштік» алған студент стипендия ал­майды, олардың басым көпшілігінің әкелері жоқ, соғыста өлген жетімдер. Неміс тілінен ештеңе білмесек те осы тілден мемлекеттік емтихан тап­сырып, институтты бітірдік. Сон­да мемлекет бұлай оқытудан қандай пайда көрді?
Оқу орындарындағы (әсіресе, жо­ғары оқу орындарындағы) қазіргі жағдай осының дәл көшірмесі, тек тілдер орын ауыстырған. Мек­тепте қазақ тілін біз жоғарыда әңгі­мелегендей жағдайда «оқып-білген» өзге ұлт балалары енді қазақ тілін жоғары мектеп бағдарламасы бойынша игеріп кете ала ма? Амал жоқ, диплом беруге тура келеді.
Міне, қайшылық осы жерден тағы шыға келеді: сонда мемлекет тілі оқытылмау керек пе? Бұл еш нәтиже бермейтін әурешілік дейміз бе? Мәселені Мәсімов үкіметі шешуге тиіс.
Тіл туралы Заңымыз бойынша, мемлекеттік лауазымды қызметке мемлекеттік тілді білетін кез кел­ген қазақстандық азамат қабыл­данады. Түсінікті. Ал заңның шы­найы орындалысы ешкімді де қа­нағаттандырмайды. Өзге ұлт өкіл­дері былай тұрсын, жергілікті ұлттан шыққан мемлекеттік қыз­меткерлер ана тілін белден басып сөйлейді немесе мүлде сөйлемейді. Іс қағаздарының мемлекеттік тіл­де жүргізіле бастауына орай ми­нистрліктерде, облыстық мекеме-ұжымдарда аудармашы деген «қыз­мет» пайда болды. Бұл ма­мандықтың тілімізге тигізіп жат­қан шапағаты шамалы, неше алу­ан қойыртпақ аудармалар проб­лемасына соқтықпай-ақ қоялық, аудармаға сүйенген ұлттық кадр­ларымыздың өзі орысша оқығанын желеу етіп, қазақша оқып-жазуға маңайламайды. Бұлар жоғарыдан мемлекеттік тілде келген нұсқау хаттарды, қазақ бола тұра, орысшаға аудартатын ауруға ұшыраған.
Жағдай осы күйінде қала бер­се, өзге ұлт өкілдері түгілі, өз қа­зағымызға ана тілін үйрете алма­сымыз ақиқат. Ал қазақша құжаттарды шенеунік қазақтарға орысша аударып беріп отырсақ, тіл үйренудің қажеті қанша.
Жалпы, мемлекеттік тілді біл­мейтін адамдар үшін аудармашы жалдап қызметке алу қай мем­лекетте бар? Қазақша-орысша сөй­лейтін қазақтарды Франция, Гер­мания, Италия, Англия, т.б. елдер мемлекеттік тілді білмесе, қызметке, тіпті қара жұмысқа алар ма? Экономикалық-әлеуметтік әлеуеті бір ғана Қарағанды облысына жете алмайтын Монғолияның өзі ондай көзбояушылыққа бармайды. Бірақ, Қазақстанда туып-өскен орыс, украин және басқа ұлттар өкілдері тым құрыса қазақша сәлемдесуді де үйренбей-ақ, аяғын алшаң басып, ірі-ірі мемлекеттік қызметтерді иеленіп жүр. Неге бұлай? Әлде басшы кадрлар жетіспей ме? Премьер-министріміз Кәрім Мәсімов байырғы қазақстандық, соның ішінде түркі тілдес нәсілден екеніне қарамастан, Үкімет басшысы ре­тінде мемлекет Заңдарын, конс­титуциялық талаптарды қорғауды міндет санамайтын сияқты. Оның қазақшасы туралы сөз шы­ғындаудың қажеті жоқ. Өйтіп өзін де, мемлекеттік тілді де қор қылғанша, биік лауазымды тастап шыққаны жөн болар еді.
Бәлкім, мұндай азаматтардың бізге тілінен гөрі миы көбірек қа­жет болар? Ол да мүмкін. Алайда, парақорлық, жалақорлық, сыбайлас жемқорлық, баққұмарлық, протек­ционизм сияқты сан алуан сиықсыз құбылыстар елімізді кернеп бара жатса, тілімізді құрбан етіп ұстап отырған милы бастардан енді не күте аламыз? Осындай шым-шы­тырық жағдайда тіліміздің тағ­дырына тек күрсіне бермей, білек сыбана кіріспек керек. Ол үшін Ғабит Мүсірепов ағамыз айтқандай бәріне де «Авгийдің атқорасынан» бастау ләзім.

Серікбай Алпысұлы,
Қазақстанның
Құрметті журналисі
Қарағанды қаласы

«Орталық Қазақстан» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527