Сенбі, 23 Қараша 2024
3931 0 пікір 23 Мамыр, 2018 сағат 08:42

Алтын шығаратын фабрикада болған жаппай тәртіпсіздік шығыны 2,3 млн долларды құраған

Қырғыз үкіметінің ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі елдің вице-премьер-министрі Кубатбек Боронов «Джи Эл Макмал Девелопинг» компаниясының басшыларымен кездескенін хабарлады.

Кездесу барысында тараптар биыл 11 сәуірде Жалал-Абад облысы Тоғыз Тарау ауданында «Джи Эл Макмал Девелопинг» компаниясының алтын шығаратын фабрикасында болған жаппай тәртіпсіздікті талқылаған. Компания басшыларының дәйегі бойынша, шығын құны 2,3 млн долларды құраған.

Бірінші вице-премьер Кубатбек Боронов тергеудің аяқталуын күтіп, ұйымдастырушыларды анықтау қажет деген. Бірақ соған қарамастан «Джи Эл Макмал Девелопинг» компаниясының басшылары инвестиция тартуға ниетті екенін жеткізген.

11 сәуірде Тоғыз Тарау ауданының тұрғындары Макмал алтын кенішінде жаңа фабрика тұрғызуға қарсы болып, наразылық шарасына шыққан. Акция соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, ондағы ғимаратқа өрт қойылған. Құқық қорғау органдары тарапынан 15 адам ұсталған. Кейін үш әйелді босатқан. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған, тергеу ісі жүріп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394