Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Күбіртке 4867 0 пікір 24 Мамыр, 2018 сағат 14:07

Қазақтың соңғы күндердегі фобиясы. Кене мен менингит

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде кененің көбеюі мен менингит дертінің таралуы жайлы түрлі дақпыртты әңгімелер қызу талқыланып жатыр. Адам шошытарлық ақпараттар тарап, ел дегбірсіздене бастады. Әдеттегінше, ресми орындар халыққа толыққанды, шынайы ақпарат ұсына алған жоқ. 

Уатсап секілді әлеуметтік желіден тарап жатқан жазбаларды қайта жариялап елді дүрліктіру ойымызда жоқ.

«Сантитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ҒПО» мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 4831адамды кене шаққан. Бұл ресми дерек. Бейресми деректің мұнан көп болатыны тағы рас. Мамандар барлық кенелер инфекция таратушы болып есептелмейтінін, сол себепті олар шабуыл жасағанда бірден үрейге бой алдырмау қажеттілігін айтады. Ең дұрысы – табылған кенені зертханаға тапсырып, онда кене энцефалитін қоздырушының бар-жоғын анықтау қажет көрінеді.

Ал, енді менингитке келер болсақ, соңғы айда бірнеше адамның менингококк инфекциясы салдарынан көз жұмғаны анықталды.

Менингококк – деген бактерия. Менингококк бактериясының 12 түрі бар. Олардың алтауы (A, B, C, W135, Y, X) адам өміріне қауіпті. Бұл бактериялар мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығында болады және бір адамнан екіншісіне жеке тығыз байланыс кезінде, бір мекемеде бірге ұзақ отыру кезінде жұғады.

Менингококк инфекциясы науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан және аурудың асқынуынан өлімге апару мүмкіндігі жоғары. Одан аман қалған әрбір бесінші адамды өмірінің соңына дейін сіңірдің тартылуы, аяқ-қолдың қозғалмауы, бүйрек аурулары, кереңдік және ақыл-естің кемістігі тәрізді шектеулер мазалайды.

Ресми ақпараттар Алматыда менингококк инфекциясы әзірге үш ересек адамнан табылғанын жариялады. Егер дене қызуы көтеріліп, мұрын бітелсе немесе тамақ ауырса - жұқпалы аурулар ауруханасына барыңыз. Халық көп жиналған, балалар жүрген жерге бармауға тырысыңыз», - делінген ресми хабарламада.

 

Әзірге сырқаттан үш адамның көз жұмғаны белгілі, оның екеуі ересек болса, біреуі - бала. Одан басқа екі өңірде - Алматы (2) және Оңтүстік Қазақстан (2) облыстарында мениггококк инфекциясымен ауырғандар тіркелген.

Ведомствоның хабарлауынша, менингококк инфекциясы үш жылда бір рет белең алады. Ең көп науқастар тізімі 2013 (49 науқас) және 2015 (66 науқас) тіркелген.

«Қазіргі уақытта жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр. Эпидемияға қарсы және алдын алу жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде. Міндетті зертханалық тексеру тағайындалған адамдардың араласу ортасы анықталып жатыр», - делінген ведомство хабарында.

Сондай-ақ, дәрігерлер дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырғандарға Алматыдағы халық көп жиналатын мәдени-спорттық шараларға, бассейндер мен ойын-сауық орталықтарына бармауға, аталған белгілерді байқаған жағдайға дәрігерге жүгінуге кеңес берді.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019