Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5036 1 пікір 24 Мамыр, 2018 сағат 13:24

«Тілдарын» олимпиадасы өтті

2018 жылдың 18 мамыры күні Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен («Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында) үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» қалалық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты: жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету, жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуін ынталандыру.

Олипиадаға қатысушылар төмендегідей кезеңдер бойынша сайысқа түсті:

1. Таңдаған тақырыбы бойынша «тұсаукесер» (презентация);

2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу;

3. Берілген мәтін бойынша ілеспе аударма жасау.

Олимпиадаға қатысушылар әр кезеңнің тапсырмасын үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде орындады. Құрамына белгілі тілші ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аударма ісінің кәсіби білікті мамандары бар қазылар алқасы қатысушылардың жазбаша орындаған жұмыстарын тексеріп, ауызша жауаптарын тыңдады. Қазылар шешімімен жүзден жүйрік шыққан мына жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде – Ашимахун Жұпар, Алмалы ауданы

І орын – Қасенова Дәния, Алатау ауданы

ІІ орын – Қалиева Гүлден, Алмалы ауданы

ІІІ орын – Серік Сырым, Түрксіб ауданы

Байқау шарттары бойынша «Эссе жазу шебері» және «Ілеспе аударма шебері» деген екі номинация белгіленген болатын. Оны Мейренбекова Анар (Наурызбай ауданы) мен Сарқытбекова Гүлім (Медеу ауданы) иеленді. Ал, Маулетқазы Мирас (Түрксіб ауданы) пен Құрақбаева Динараға (Медеу ауданы) ынталандыру сыйлықтары берілді. Бас жүлдені иеленген Ашимахун Жұпар Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып Алматының намысын қорғайтын болады.

Олимпиадаға құрметті қонақ және көрермен ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ тілшілері және студент жастар мен оқушылар қатысты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371