Хатта Солтүстік Корея тарапынан жасалған соңғы "ыза мен ашық өшпенділікке негізделген" мәлімдеме қазіргі кезде ұзақ күттірген кездесуді орынсыз етеді делінген.
"Хатта Сингапур саммиті болмайтынын хабарлаймын. Бұл екі елдің игілігі үшін, бірақ әлемге зияны тиіп отыр", - деп атап өтеді АҚШ президенті.
Ким Чен Ынға қарата айтқан сөзінде Трамп Солтүстік Кореяның ядролық мүмкіндіктері жайында "Американың мүмкіндігі одан да зор, күшті, бірақ мен бұл мүмкіндіктердің ешқашан қолданылмағанын Құдайдан тілеймін" дейді.
АҚШ президенті алдағы уақытта бұл саммиттің әйтеуір бір өтетінін жоққа шығармайды.
"Егер сіз жоғары деңгейдегі маңызды кездесуге қатысты пікіріңіз бен көзқарасыңызды өзгертетін болсаңыз, күмән білдірмей маған хабарласыңыз немесе хат жазыңыз", – дейді Трамп.
Abai.kz