Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1942 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 13:30

Қазақстандық елшілерді кінәлау кімге қажет болды?

Маусымның төрті күні Ташкентте Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы елшілігі көлігінің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болған еді. Елшілер мінген «Ниссан-Максима» әлдеқандай «Тойота-Прадомен» түйісіп, аударылып барып көшедегі үш жаяуды қағып кеткен. Ауыр жарақат алған бір адам кейін ауруханада қаза тапты. Ғаламтордағы кейбір ақпарат құралдары көлік қақтығысына қазақстандық елшілер кінәлі деп хабарлаған-ды. Бірақ Қазақстан елшілігі өкілдері өз сайттарында оқиғаны қаз-қалпында баяндап, журналистер бұрмалаған тұстардың анық-қанығын ашып берді.
Елшілік таратқан баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, «Ниссан-Максима» жүргізушісі қызметтік сапардан келе жатқан қазақстандық консулды әуежайдан күтіп алып, дипломаттардың бірінің үйіне бет алады. Жолда оқыстан джипке соғылып, аударылып құлаған көлік үш жаяуды қағып кетеді. Жүргізушінің арт жағында отырған консул сәлден кейін есін жиып, зардап шеккен жаяуларға көмекке ұмтылған.
– Қиналып жатқан қыз баланы көріп, такси ұстап, ауруханаға апардым. Дәрігерлерге оған жақсылап көмек көрсетуді тапсырдым. Ал рульде болған елшіліктің үшінші хатшысы ауыр жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр, – деді бізге телефон арқылы түсінік берген ҚР Өзбекстандағы консулы Бабур Дәуренбеков.

Өкінішке қарай, Ташкенттегі травматология және ортопедия институтына жеткізілген 18 жастағы қыз бала қайтыс болған. Қазақстан елшілігі ұжымы аяқасты оқиғаның салдарынан көз жұмған марқұмның отбасына көңіл айтып шықты.
Консулдың айтуынша, оқиға болған сәтте алдағы уақытта қандай да бір түсініспеушіліктер орын алмасы үшін рульде отырған дипломат өз еркімен, әрі екі жол полицейі, екі дәрігер мен басқа да куәгерлердің көзінше наркологиялық диспансерде тексеруден өткен. Нәтижесінде, елшілік қызметкерінің алкоголь қолданбағаны анықталды. Демек, ғаламтордағы кейбір ақпарат құралдары таратқандай, қазақстандық елшінің спирттік ішімдік қолданғаны – жалған сөз. Дегенмен жол-көлік оқиғасына кімнің кінәлі екенін Өзбекстанның құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеудің нәтижесі көрсетеді.
P.S. Қазақстандық консул сол күні Нөкістен келе жатқан. Айтуынша, қазір онда тұтқында отырған 27 отандасымыздың мәселесі оң шешілуі мүмкін. Сот процесі жүріп жатыр…

Серік Жұмабаев
«Алаш айнасы» газеті 9 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598