Осыған дейін Reuters агенттігі америкалық ресми тұлғаға сілтеме жасап хабарлағандай, Higgins және Antietam әскери кемелері Қытай өзінің аймағы деп есептейдін Парасель аралдарынан шамамен 19 шақырым қашықтыққа еніп кеткен.
Қытай СІМ америкалық кемелер теңіз суларынан 12 милялық аймақты бұзғанын мәлімдеді. Бейжің Қытай бұл аймаққа жеке кемелері мен ұшақтарын жөнелтіп, "елдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті шаралар қолдануға" мәжбүр болды дейді.
Құрама Штаттар америкалық әскери кемелердің Оңтүстік-Қытай теңізіне жүргізуін Бейжің тарапынан енгізіп жатқан шектеулерге қарсы тұруы деп түсіндірді. Осыған дейін де президент Трамптан бастап америкалық жоғары лауазымды тұлғалардың Бейжіңнің аймақтағы саясатымен келіспейтінін мәлімдеп келеді.
Парасель аралдары Оңтүстік-Қытай теңізіндегі даулы аймақтардың бірі. Бұл аралдарға иелік ету құқығын Қытаймен бірге Вьетнам, Бруней, Малайзия, Филиппин және Тайвань таласып келеді.
Abai.kz