Жұма, 22 Қараша 2024
3519 0 пікір 28 Мамыр, 2018 сағат 09:28

Түркіменстанда Азаттық тілшісі бостандыққа шықты

Түркіменстанда үш жылға сотталған Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі Сапармамед Непескулиев бостандыққа шықты.

Непескулиев 19 мамырда босатылған. Дереккөз мәліметі бойынша, қазір журналистің денсаулығы мүшкіл.

Непескулиевті 2015 жылдың шілде айында үйінде Түркіменстанда тыйым салынған трамадол дәрісін сақтады деген айыппен ұстаған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары тағылған айыптың саяси астары бар деп, журналисті босатуға шақырған.

Непескулиев Түркіменстанның өмірі туралы шынайы репортаждар жасап тұрған. "Шекарасыз репортерлер" ұйымының рейтингі бойынша, бұл ел сөз бостандығы жағынан 180 елден 178-орында тұр. Түркіменстанда Азаттықтың өзге де журналистері қуғынға ұшыраған. Әлі де қысым көріп келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321