Сәбидің анасы — 28 жастағы Нәзира Муллоджонова Тәжікстанның еңбек және халықты жұмыспен қамту агенттігінің маманы болып жұмыс істейді. Екеуі де өздерін жақсын сезінеді.
Босанған келіншек таңертең қуанышты хабарды естігенде, өзіме өзім сенбедім дейді. "Мен елде халықтың саны 9 миллионға жақындап қалғанын білмедім. Бүгін мен үшін екі есе қуанышты күн", - дейді Нәзира. Сәбидің әкесі Фируз Латипов қызы болуды көптен бері армандапты. Олардың бір ұлы бар.
Тәжікстан президенті жаңа туған сәбидің ата-анасын құттықтап, Душанбеден пәтер кілтін табыс етті. Душанбе мэрі Рустам Эмомали Нәзира Муллоджоноваға астана орталығынан үш бөлмелі пәтер беру жөнінде қаулыға қол қойған.
Тәжікстан постсоветтік мемлекеттер арасында бала туу саны жағынан алда келеді. Ресми мәлімет бойынша жыл сайын бұл елде 200 мыңға жуық сәби туылады.
БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Тәжікстан халқының саны 14,5 миллион адамға жетеді.
Abai.kz