Жұма, 22 Қараша 2024
3414 1 пікір 29 Мамыр, 2018 сағат 10:16

Азат Перуашев «АZALA» компаниялар тобы және «Жасампаз» консорциумы кәсіпорындарының жұмысымен танысты

Ағымдағы жылғы 25 мамыр күні Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының бірқатар басшыларымен және фракцияның депутаттарымен бірге Шымкенттегі «AZALA» компаниялар тобының тоқыма кластеріне кіретін кәсіпорындарда және «Жасампаз» консорциумында болып, компания басшылығы мен еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды «Ақжол» ҚДП баспасөз қызметі.

«Ақжолдықтар» кәсіпорындардың жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын қоса алғанда, өндіріс үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерді субсидиялау, мемлекеттік сатып алулар шеңберінде отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мүмкіндігі мәселелерін талқылады.

Бірлестіктің директоры Гүлнара  Садықбекова кәсіпкерлер партиясының өкілдеріне кластердің экономикалық көрсеткіштерін таныстыра отырып, өндірістегі кейбір кедергілер туралы айтып берді.

«Ақ жол» фракциясының депутаттары әріптестеріне нақты ұсыныстарды әзірлеуді ұсынды және оны пысықтап зерделегеннен кейін Мәжілістің қарауындағы «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» заң жобасына енгізуге бастамашылық етуге дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар, кәсіпорындарды аралаған іс-сапарға партия төрағасының орынбасары Қ.Иса, Мәжілістің 6 шақырылымының депутаты Е.Барлыбаев, Мәжілістің 5-ші шақырылымның депутаты А. Тұртаев, Партия Орталық кеңесінің мүшесі А.Смағұлов және «Ақ жол» ҚДП Оңтүстік-Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Әбжанов та қатысты.

Дәл сол күннің кешінде Түркістан қаласында партияның Орталық Кеңесінің пленумы өтті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320