Енді қазақтың рухы азат па, жоқ па, өзіңіз-ақ пайымдай беріңіз...
Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 1,2 млн адам аттанып, оның 600 мыңы опат болды. Соның ішінде 200 мыңы қазақтар.
Қазаққа қатысы жоқ соғысқа қатысып, еріксіз қырылып қалдық. Сол соғыс құрбандарын еске алу ретінде 9 мамырда жыл сайын "Бессмертный полк" деген Ресейдің идеологиялық жобасының жалауын көтеріп жүздеген мың қазақ көшеге шығады. Ресей "қазақ үшін ең үлкен қайғы - осы соғыс" деп көрсеткісі келеді. Көбі соған сенеді де.
Ал 1931-33 жылғы аштықта ресми 2,3 млн қазақ, бейресми 3,7 млн қазақ қырылып қалды. Қасақана геноцидтен! Соғыстағы шығыннан ЖИЫРМА ЕСЕ КӨП! ЖИЫРМА ЕСЕ! Бірақ соған қарамастан 31-мамырда еске алу күніне жиналатын қазақтың саны мыңға да жетпейді.
Енді қазақтың рухы азат па, жоқ па өзіңіз-ақ пайымдай беріңіз...
Асхат Қасенғалидың Facebook-тегі парақшасынан
Abai.kz