Сейсенбі күні таңертең Льеж қаласы орталығында кафелердің бірінде ер адам екі полицейге оқ жаудырған. Екеуі де бірден қаза тапқан, тағы екі офицер жараланған. Одан соң өтіп бара жатқан 30 жастағы ер адамға да оқ кезеген. Шабуылдаушыны сол жерде атып өлтірген.
Қылмысты 36 жастағы Бенжамэн Эрман жасаған. Осыған дейін "ұсақ қылмыстары" үшін түрмеде отырып шыққан. Полиция шабуылдаушының радикалды топпен байланысты болғанын айтады.
Abai.kz