Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2954 0 пікір 11 Ақпан, 2011 сағат 10:07

Қадыр Мырза Әли: «Әдебиетке келіп жатқан жастарды білмеймін»

Редакциядан: Бұл  ақтық демі біткенше әдебиетке адал болып өткен  Қадыр ақынның соңғы сұхбаты еді...  Оның тұңғыш туындысы да (1954) осы журналға (Ол кездегі «Ақ желкеннің» атауы «Пионер») жарияланған  болатын.

- Қадыр аға, өткен ғасырдың 60-жылдары әдеби кітаптар 30-40 мыңдаған таралыммен жарық көріп, аймақ-аймақтардағы оқырмандарға еркін таралса, бүгінде ондай таралым арман болып тұр. Айналасы 1-2 мың таралымнан аспайтын әдеби кітаптар оқырман түгілі еліміздің кітапханаларына да жетпейді деп естиміз?

- Мен Алматыға 1953 жылы келдім. Бұл кезде де әдеби орта ондай оңып тұрған жоқ болатын. Ол кезде «Жазушы» баспасы «Көркем әдебиет» баспасы деп аталып, 4-5 кітаптан ғана шығаратын. Себебі, 1930-1940 жылдары әдебиетте автор аз болды. Тек Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев сынды санаулы қаламгерлер ғана жазды.

Редакциядан: Бұл  ақтық демі біткенше әдебиетке адал болып өткен  Қадыр ақынның соңғы сұхбаты еді...  Оның тұңғыш туындысы да (1954) осы журналға (Ол кездегі «Ақ желкеннің» атауы «Пионер») жарияланған  болатын.

- Қадыр аға, өткен ғасырдың 60-жылдары әдеби кітаптар 30-40 мыңдаған таралыммен жарық көріп, аймақ-аймақтардағы оқырмандарға еркін таралса, бүгінде ондай таралым арман болып тұр. Айналасы 1-2 мың таралымнан аспайтын әдеби кітаптар оқырман түгілі еліміздің кітапханаларына да жетпейді деп естиміз?

- Мен Алматыға 1953 жылы келдім. Бұл кезде де әдеби орта ондай оңып тұрған жоқ болатын. Ол кезде «Жазушы» баспасы «Көркем әдебиет» баспасы деп аталып, 4-5 кітаптан ғана шығаратын. Себебі, 1930-1940 жылдары әдебиетте автор аз болды. Тек Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев сынды санаулы қаламгерлер ғана жазды.

1960 жылдарға қарай «Көркем әдебиет» баспасына көпті көрген Мұхаметжан Қаратаев директор болып, баспаның көзі ашылды. Директордың іскерлігі ме, әлде заман солай өзгерді ме, баспа жұмысы оңға басты, көп кітаптар шығарды. Кеңес үкіметі тұсында сотталып, атылып кеткен Сабыр Шәріповтің 2 кітабын, Сәбит Мұқановтың 6 томын, Мұхтар Әуезовтің 6 томын, Ғабит Мүсіреповтің 3 томын, Ғабиден Мұстафиннің 2 томын басты. Бұл қазақ әдебиетіндегі үлкен прогресс болды, меніңше. Кейін Ілияс Жансүгіров пен Сәкен Сейфуллиннің 5-6 томын, басқа да шетел ақындарының кітаптарын шығара бастады.

Бұл кезде жастар да жақсы жазып жатты. Бірақ оларға алдыңғы буыннан асып, кітап шығарудың мүмкіндігі болмады. Жалпы, осы кезден бастап әдебиет өзін-өзі ақтайтын дәрежеге келді.

- Осы кездері жас қаламгерлердің бірі ретінде алғашқы «Күміс қоңырау» атты кітабыңыздың 40 мың данамен жарық көргенін жақсы білеміз...

- Иә, мен де осы кездері балаларға арналған шығармаларды топтастырып «Күміс қоңырау» атты кітабымды баспаға ұсындым. Ол 40 мың данамен жарық көрді. Бұл балалар әдебиетіне деген қажеттіліктің жоғары болғанын аңғартады. Мұндай қажеттілік әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Сол тұста таралымның жоғары шегі оқырманы көп ақындар үшін 10 мың дана болатын. Ол кезде Мәскеуден шығатын поэзиялық кітаптарға да ең жоғары таралым - 10 мың дана. Демек, біз мыңдаған таралыммен кітап шығаратын Ресейдің өзімен иық тіресе кітап шығарып тұрдық.

1959 жылы балаларға арналған «Көктем» атты тұңғыш жыр жинағым басылды. Сол «Көктемнен» бастап мен жыл сайын кітап беріп тұрдым. Кейде жылына екі кітап жазған кездерім де болды. Алайда, кітаптарымыздың шығуы үшін көп қиындықтар кезігетін. Баспа қысқартып тастайды немесе баспасөз комитеті кеседі. Әйтеуір түймеміз түсіп, жағамыз жыртылғанша төбелесіп жүріп кітап шығардық.

Кеңес үкіметі тұсында «Жазушы» баспасында 300-ге жуық адам болды. Күніне бір кітап шығаратын. Сыншылардың да кітабы үзілмей шығып тұрды. Сол кітаптармен баспа өзін-өзі асырады. Әуелі өз қаржысына Абай көшесінің бойынан «Баспалар үйін» салғызды. Ал бұл күнде сол баспаларда небәрі оншақты адам ғана жұмыс істейді, баспалардың көбі жекешеленіп кетті.

- Естуімізше, қырық жасыңызда біржолата жұмыстан кетіпсіз, не үшін?

- Себебі, жұмыс істеу қиындап кетті. Меніңше, қаламгерге баспаларда, газеттерде жұмыс істеу мүмкін емес. Талай адам осы орындарда жұмыс істеймін деп, ақындығы мен жазушылығынан суып қалды. Менің өзім баспасөз саласында жұмыс істеп жүріп газет-журналға жазыла алмадым. Жазылу үшін мүлде ақша болмады. Экономикалық қиындық салдарынан халық та мерзімді басылымдарға жазылуды қойды. Кейін заман оңалды. Мәселен, ол кездері Ресейдің «Новый мир» деген журналы 10 миллион данаға жуық таралыммен шығатын. Ал біздегі қазіргі «Жұлдыз» журналы 2 мың данаға жетер-жетпес таралыммен таралатын. Біз соны 20 мың таралымға дейін көтердік. Бұл халықтың мәдениетке деген көзі ашылған, газет-журнал алуға хал-жағдайлары еркін жететін, әдебиетке ден қоюшылар мен оқырмандардың қатары өскен кезі болды. Бірақ, әлеуметтік жағдай қалпына келгенімен, сана қалпына келмеді.

- Кезінде сіздің шығар­ма­шы­лығыңыз туралы көп сын айтылыпты. Оған қарсы өз қөзқарасыңызды да білдіріпсіз. Қазақтың Қадыры әдеби сынның бүгінгі хал-күйіне қандай баға береді?

- Біз сынға Одақта жүрген кезімізде қатты мән бердік. Сыншылар жақсы материал жазуы үшін алдын ала жағдай жасадық. Бірақ сонда да жаза алмай, қолынан келмей жататындары болды. Кей кезде басуға жоспарланып қойған мақалалар дайын болмай қалғанда, өзіміз де жазатынбыз. Сол күндердің бірінде бір түннің ішінде 37-беттен тұратын «Балалар поэзиясы қандай болу керек?» деген тақырыпта мақала жаздым. Сол мақаламды өзімдегі сындардың басын қосып шығарған екі томдығыма енгіздім. «Жұлдыз» журналының сын бөлімінде істеп жүрген кезімде де сыни материал жетіспей жататын.

Бұл күнде дұрыстап сынай алатын, шығармаға сыни көзбен қарай алатын «таланттар» бізде бар. Бірақ олар жазғысы келмейді, жазғанымен де алатын ақ­шасына татымайды. Одан да оларға бір аударма жасаған не басқа жерде қосымша жұмыс жасаған әлде-қайда тиімді. Жалпы, сынды қолтығынан демегенде ғана сын - сын болмақ.

- Жеке шығармашылығыңызда қандай жа­ңа­лықтар болып жатыр, аға?

- Мен әдебиеттен бір күн қол үзсем жан баға алмай қалатын адаммын. Қазір 24 томдығымды шығарып жатырмын, оның 18 томы шығып болды, 19 томы баспада тұр. Бұдан басқа 11 том көркем аудармам бар. Мұның барлығы - менің мықтылығымнан емес, ертеден кешке дейін дүниенің қызығын көрмей істеген еңбегімнің нәтижесі. Адам қартайғасын жұмыс істеуі қиын болады екен. Көп істердің басын қайыруға денсаулық жар бермейді.

Мәскеуде Қытай коммунистік партиясы туралы «Неизвестный Мао» деген кітап шықты. Мао туралы менде де көп кітаптар болған, бірақ жоғалтып алып, қолым кесіліп отыр. Қытай мемлекетінің өткен ғасырдағы көсемдерінің ішінде Жунь Лай өте сауатты, іскер, еңбеккер адам болған. Ол өзі ауырып емханаға барғанында ауру бөлмесін кабинетке айналдырып алып, елді басқарып отырған. Осындай жанкешті жандар жайлы жазғым келеді, бірақ шама келмей отыр.

- Қазақ қаламгерлері арасындағы ең бай кітапхана сізде ғана деп естиміз. Бұл рас па?

- Менде кітап көп. Үйімнің төрт қабырғасы толған кітап. Жерасты бөлмелер де кітапқа толып тұр. Кітапханамды көшіріп алу туралы қалалық әкімшіліктегі інілеріме өтініш жасап көріп едім, бірақ ол ойым жүзеге аспады. Соңғы кездері кітапханам туралы көп ойланам. Себебі, бұл жайт - тарихта бағы жанбаған құбылыс болып тұр.

- Соңдарыңыздан ерген жаңа буын, жас қаламгерлерден кімдерді оқисыз?

- Қазіргі жастардан мына азаматты көп оқушы едім деп есіме ешкімді түсіре алмай отырмын. Өйткені, әдебиетке келіп жатқан жастарды мен білмеймін. Себебі олар әдебиетпен күн көре алмайтынын біліп алды. Қазіргі кезде ата-аналар балаларын заңгер болуға, прокурор болуға, адвокаттық мамандықты игеруге баулиды. Бұл мамандықтардан оларға қосымша ақша қалатынын жақсы біледі. Ал мұғалімдік мамандыққа емтихан тапсырушылар аз. Сол сияқты әдеби салаға бейім жастардың қатары да тым сиреп бара жатқанға ұқсайды.

Әңгімелескен

Мамырбек ТӨКЕШ

«Ақ желкен» журналы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550