Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2442 0 пікір 14 Ақпан, 2011 сағат 08:56

Тоқтар Әубәкіров: «Ұрлық тиылмай қазақ тыныштық таппайды»

Ақпанның 11-інде Алматыдағы журналистер клубында, қазақтың тұңғыш ғарышкері, қоғам қайраткері Тоқтар Әубәкіров журналистермен кездесіп, бүгінгі саяси-қоғамдық өмірде қалыптасқан жағдайларға байланысты  ойларын айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында болған әңгімені ықшамдап ұсынып отырмыз

- Тоқтар Оңғарбайұлы, кезектен тыс сайлау жарияланғаннан кейін ғаламторда: «Тоқтар Әубәкіров сайлауға түсуі мүмкін»,- деген сыңайда ақпараттар тарады. Осы сыбысты анықтап берсеңіз. Сіз сайлауға үміткер ретінде түсесіз бе?

- Біз қазақ халқы өте кедей тұрамыз. Кедей елімізде міне, кезекті рет  мерзімінен бұрын Президент сайлауы өткелі жатыр. Бүгін білесіздер, «Нұр Отан» партиясының сьезді болды (11 ақпанда). Сьезде Назарбаев тағы да  Президент болам, күш-қуатым жеткенше билікте қаламын,-деп уәде берді. Ол кісі осы орында отыруға әбден үйреніп қалды.

Басқа орынды түсіне алмайды да, түсінбейді де. Сондықтан да, шыны керек, мен Президентіккке түсуге Назарбаевтан барда дайын емеспін.

Ақпанның 11-інде Алматыдағы журналистер клубында, қазақтың тұңғыш ғарышкері, қоғам қайраткері Тоқтар Әубәкіров журналистермен кездесіп, бүгінгі саяси-қоғамдық өмірде қалыптасқан жағдайларға байланысты  ойларын айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында болған әңгімені ықшамдап ұсынып отырмыз

- Тоқтар Оңғарбайұлы, кезектен тыс сайлау жарияланғаннан кейін ғаламторда: «Тоқтар Әубәкіров сайлауға түсуі мүмкін»,- деген сыңайда ақпараттар тарады. Осы сыбысты анықтап берсеңіз. Сіз сайлауға үміткер ретінде түсесіз бе?

- Біз қазақ халқы өте кедей тұрамыз. Кедей елімізде міне, кезекті рет  мерзімінен бұрын Президент сайлауы өткелі жатыр. Бүгін білесіздер, «Нұр Отан» партиясының сьезді болды (11 ақпанда). Сьезде Назарбаев тағы да  Президент болам, күш-қуатым жеткенше билікте қаламын,-деп уәде берді. Ол кісі осы орында отыруға әбден үйреніп қалды.

Басқа орынды түсіне алмайды да, түсінбейді де. Сондықтан да, шыны керек, мен Президентіккке түсуге Назарбаевтан барда дайын емеспін.

Біріншіден, бұл сайлау-легитимді сайлау емес. Неге десеңіздер, Ата заңды бұзып отыр. Негізгі Заңға сәйкес, екі айдан бұрын үміткерлерді ұсыну тоқталады. Ал, сайлау 3-нші ақпан күні жария етілді. Заңға да тиісті өзгертулер енгізілген жоқ. Сондықтан да, заңгердің, тіпті кез-келген еліміздің азаматының, Конституциялық кеңеске хат жазып, мына сайлау процессін тоқтатуды талап етуге хақы бар. Мен бүгін «Азат» ЖСДП съезінің атынан осындай ұсынысты жасайын деп отырмын.

Біз тек бір ғана кісі үшін Ата Заңға ең болмағанда бір жылда бір рет өзгеріс енгізіп отырамыз. Дәл біздің еліміз секілді осылай Конституциясына өзгеріс енгізе беретін бірде-бір мемлекет жоқ шығар. Әрине, Президент деген ең үлкен атақ. Ол өз елінде ең беделді тұлға.  Саясаткер ретінде де сондай адамға халық дауыс беруі керек.

Осылай сайлағаннан кейін, оны көкке көтеруіміз керек еді. Алайда бір кісіге дауыс берсең де өтеді екен, бермесең де өтеді екен. Біздің мемлекетімізде сондай саясат болып отыр.  Дәл мұндай жағдайдан халық та шаршады. Жұрт айтады, дауысты басқа кісіге береміз, ал өтетін тек бір-ақ кісі деп. Әрине қарсы емеспіз, өтсін, сайлансын, бірақ, халыққа да жақсылық істесе екен. «Бәрі болды ғой, бірақ енді демократияға бет бұрайық»,-деп ол кісі айтса, біз неге қолдамаймыз?!

Өткенде ғана ЕҚЫҰ-ның елімізде саммиті өткенде, бүкіл әлемге жар салып, «енді еліміз демократиялық принциптерді ұстанады»,- дедік. Соның нәтижесін күтеміз енді.

Мен әрине сайлауға түсуге дайынмын. Алайда, мынандай қысылтаяң уақытта ол сайлауға кім түсе алады? Өз бағдарламаңды халыққа жеткізуің керек. Ол үшін бүкіл облысты аралап шығу керек. Облыстың орталықтарына бару керек. Соған үлгерсең. Ал, қазір  әрбір облысқа баруға уақыт тар. Бұндай жағдайда бір облыстың халқы  сенің бағдарламаңмен танысады,  екіншісі таныса алмайды.

- Президент кеңесшісі Е.Ертісбаев, қазіргі кезде ешкімде Назарбаевқа бәсекелес бола алмайды деп мәлімдеді. Бүгінгі мәлімдемесі мынадай: «Егер оппозиция 2005 жылдан бері жік-жік болып тарамай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірігетін болса, олар мүмкін бүгінгі Президентке бәсекелес бола алар ма еді. Ал ондай бірігу болмаған соң, бүгінгі Президент өзіне тиісті позициясын алып, қайта сайланады»,-дегендей пікір айтты. Осы пікірге қалай қарайсыз? Егер оппозиция бес жыл бұрын біріккен болса, онда саяси науқан қарқын алып, Нұрсұлтан Назарбаевқа бәсекелес тұлға оппозиялық күштердің арасынан шығар ма еді?

- Бұлбұл таңертең де  - бұлбұл, кешке де  - бұлбұл. Сайрай береді. Неше уақыт сайрап келе жатыр. Меніңше, қазір дауыс әділ саналып, Назарбаев 50 пайыз  алса, мен екі қолымды шабуға берер едім... Ала алмайды! Егер шын, әділ сайлау өте қалса.  Өйткені халықтың сезімі онды. Анау алыстағы ауыл да қазір газет оқиды. Бір ай бұрын жазылған газетті күтіп отырады екен. Балалары әкелген бір құшақ газетті, өзі оқып, сосын көршілеріне таратып отырады екен... Мәселе неде? Мәселе халықтың санасының оянғанында.  Өзгесі болмаса да ауылдағы жұрттың қолында малы бар. Тоқсаныншы жылдары құртып алып еді. Қазір, әйтеуір, бірте-біте қалпына келді. Қазір ауыл халқы сонымен күн көріп отыр.  Мен өзім бала кезімде аз ғана ауылда болып, өмір бақи қалада жүрсем де, тоқсаныншы жылдары айтқам, қазақты асырайтын мал. Малды жоймаңдар деп. Тәуба, қазір мал қазақты асырап келе жатыр.  Бір ауылда бір өнеркәсіп жоқ. Жұмыс жоқ,  қазір халықтың 40 пайыздайы ауылда. Ауылда жұмыс жоқ қой, барлығы үйде отырады. Қайта, тәуба деу керек. Өйткені, Ресейде жұрт, арақтан басын көтере алмай жатыр. Бізде де бірен-саран бар. Дегенмен, басым көпшілігі малының жағдайын жасап, сонымен өздеріне жұмыс тауып, күндерін көруде.

Ауыл халқы, «Отан - біздің анамыз. Бірақ ол неге бізге жақсылық жасамайды, бізді неге ұмытып кетті?» дегенде біз, «күте тұрыңдар, уақыт келеді» дейміз. Алайда, сол уақыт келер емес.

- Қазір оппозициядан бірегей кандидат  ұсыну туралы әңгімелер болып жатыр. Соған кім лайық деп ойлайсыз?Биліктің асығыс сайлау жасауының себебі неде? Үміткер болып тіркелген Уәлихан Қайсар, мемлекеттік тілдің сынағынан өте алмай қалды. Ал, сіз үміткер болсаңыз, қазақ тілі емтиханынан өте аламын деген сенімдесіз бе?

- Өзім сенемін, бірақ олар сенгізбейді (күледі).  Міне,  сіздермен сөйлесіп отырмын. Менің қазақ тілім қалай екен?.. Ал олар, менің тіл жөніндегі білігім мен біліміді төмен деп санайтын болады.

Екінші сұрағыңызға келсек, жеке менің пікірім (!), мынау жан-жақтағы болып жатқан оқиғалар,  билікке ой салды. Олар тез референдум жасап жібермек болды. Бірақ, референдум болмайтынын ол кісі 100% білді.  Бірақ көптің тірлігі , жұмысы референдум болып кетті. Бірулер қарсы шықты, біреулер қолдады. Сосын, референдум болмайды деді де, аяқ астынан «мерзімінен бұрын» сайлау деді. Ол да саясаттың бір түрі. Биліктің ақылдылығы. Бүкіл халық аң-таң болды да қалды. Біреуі бір сөз айтқан жоқ.

- Кейбір сарапшылар айтып жатыр, жаңа сізде де айттыңыз, 50% да ала-алмайды деп, сайлаудың түпкі себебі сол емес пе?

- Жоқ, одан емес. Халық көтеріліп кетпесін деп әдейі жасап отыр. Жоғарыда айттым ғой. Халықтың санасы оянды.  Халық бұрынғыдай емес, тіпті былтырғыдай емес. Жан-жақтағы оқиғаларды көріп отыр. Наразылық білдіріп алаңға шығуға да дайын. Сол шоқ от болып жанып кетпеуі үшін биліктің оны үрлеп өшіруге талпынып жатқандары, бұл.

Қысқасы,  ақылды адам болса, мынадай сайлауға қатыспайды. Ал жоғары жақтан қол қойғызып алған кісілер, олар жүгіреді. Болат Әбілов, өзін-өзі ұсынып жатыр. Ұсынсын. Ал, оппозициядан қазір, бірегей кандидат жоқ.

- Биыл Гагариннің ғарышқа ұшқанына 50 жыл толады. Ресей оны үлкен той етіп, дүрілдетіп өткізгелі жатыр. Неше түрлі шаралар қарастырылған, Байқоңырда да. Ал сіздің ғарышқа ұшқаныңызға 20 жыл толады. Соған байланысты  шара өткізу туралы  үкімет тарапынан сізге ресми ұсыныстар түсті ме?

- Ресей үкіметінен түсті. Тіпті мынау ғаламторда,  бірінші қазақ ғарышкері Әубәкіровты шақырамыз деп, ағылшынша да жүр, орысша да жүр.  Бағдарламаның бәріне қатынасасыз, Кремльге дейін барасыз-деп. Біздің мемлекетте ондай шара тойланбайтын шығар. Сондықтан ешкім ештеңе айтқан жоқ.

-  Сіз жаңа өз сөзіңізде, халық қазір алаңға шығуға дайын дедіңіз. Алайда, сол халықты бастап алып шығатын көшбасшы бар ма?

- Бастап шығатын адам бар. Бірақ, біз көп ойландық.  Бұл өте қиын мәселе. Жан-жақта қан төгіліп жатыр. Біздің санымыз өте аз.  Мынадай кең-байтақ жерде, 8 миллион ғана. Әр шақырымға бір-бір адамнан қойса да, біздің санымыз оған жетпейді.  Егер халық қырылыса не болады?  Қазақ бір көтерілсе,   оны қайтып басу  қиын. Бәрімізде солаймыз ғой. Бірдеме істегің келсе, жанып кетесің.  Оның түбіне дейін жетпей қоймайсың. Сондықтан, қазақ бір көтерілсе,  тоқтамайды. Кең байтақ жеріміздің бір жерінен от тұтанса, байтақ далада ол қаулай жөнеледі.  Қырғыз әне, бір көтерілді де, үш күннің ішінде басылды. Ал бізде бір жанса, көпке созылып кетеді. Ең қиыны сол.

Алаңға барып көтерілгенше, менің ойым, әр қазақстандық сайлауда   өз позициясын білдіруі керек. Сонда биліктегілер де ақымақ емес қой, қарайды да, «ойбай-ай, мына халық ояныпты, бұрынғыдай 100 пайыз жоқ», - деп саясатты басқаша жүргізу керек екеніне көздері жетеді.

Баяғыдан жариялап қойған демократияға бір кезде келуіміз керек қой. Парақорлық, ұрлық дегенді қою керек. Сол жойылмай, қазақ тыныштық таппайды.

- Оппозиция демей-ақ қояйық,   жалпы халықтың ішінде Президентікке лайық тұлғалар бар ма?

- Неге жоқ бар?Саясаттың «тар жол тайғақ кешуінен» өткен  әкімдер бар. Балташ Тұрсымбаев бар. Ол халыққа қандай көмектеседі. Мен ол кісімен де араласамын . Халық арасында оның көмегі тиген жандар үнемі рахметін айтып жатады. Анау депутаттардың ішінде де, басқаша ойлайтындар өте көп. Президент әкімшілігінде Мәулен Әшімбаев деген саясаттанушы бар. Қандай сараптама жасап, баға береді. Қандай жақсы саясаткер.  Ол неге вице-президент бола алмайды? Бола алады!

- Сайлау әділ өте ме?

- Әділ өтпейді. 1995 жылы Назарбаевқа дауыс бергендердің қарасы  95,5% болды. Кеше мәлімдеп жатыр, Президент өзінің рекордын жаңартады екен деп. Ол кісінің рекорды 97 пайыздан асқан болатын.  Яғни,   бұлар енді  99% пайызды көрсетейін деп отыр.

- Онда сайлау өткізудің қажеті қанша?

-Мен де соны айтып отырмын. Сайлау өткізудің қажеті қанша? Одан да «өзін өзі тағайындадым», деп жарлық шығарса жетіп жатыр емес пе?

-Бізде ғарышқа ұшатын жас мамандар ма?

- Бар. Екеуі дайын тұр. Соларды ғарышқа жіберу үшін, 1.5 миллард доллар жібердік. Сондағы атқарылған шаруаның құны жарты миллиард қана. Сонда қалған бір миллиард қайда кетті? Ешкім білмейді. Дайын тұрған космонавтарды ғарышқа жіберу үшін бөлінген ақша жетпей қалды. Бір ғарышкердің ғарышқа сапары  5 пен 20 миллион долларға дейін ақша қажет.

-Мұхтар Айымбетов: «Мен енді Ресей азаматтығын алып, сол елдің атынан ұшамын», деді. Сонда бұл біздің еліміздің атынан енді ешкім ұшпайды деген сөз бе?

- Тым пессимист бола беруге болмайды. Бірақ, қазіргі уақытта, таяу бес жылдың ішінде бір қазақ ұша алмайды.

-Неге?  Ақша жоқ па?

- Жоқ, ақша бар. Ақша тапты, бірақ енді ресейліктер қабылдамай жатыр. Американың «Шаттл» зымыран тасығыштары енді жіберілмейді. Ол Ресейде ғана бар. Оны ресейліктер бес жылға жалға алған. Жылына  үш-төрт рет ұшырылса, солардың ішінде екі АҚШ азаматы отырады. Неге десеңіз, халықаралық станцияның жетпіс пайызы АҚШ-қа тиесілі. Ресейліктер болса, бір-бірден өз ғарышкерлерін жібереді. Сондықтан, біздің ғарышкерлеріміз  космосқа аттану үшін, ресейліктердің орнына отыруы тиіс.

-Жақында Машкевичтің Израильге оралман болғаны туралы хабар тарады. Оның себебі неде?

- Қазір барлығының ақшасы шетелдерде.   Өйткені, бір жаман оқиға болып кете ме деп сенбейді. Олардың біреуі де миллиардтарын қазақстандық банктерге салған жоқ. Елде бірдеңе   болып қалса, сол жиған тергенінен айырылып қаламыз деп қорқады. Сондықтан, олардың барлығы да, өздеріне жағдайды баяғыда-ақ дайындап қойды. Ал, Машкевич сияқты үлкен бизнесмендердің қимылдауы, мына жер оларға тұрақ бола алмайтынына көзі жеткендіктің белгісі. Өйткені бұл жақтың тұрақтылығы толқудың қарсаңында тұр. Аяқ асты мұз қатып, тайғанақ болып бара жатыр.

Жазып алған Риза Исаева,

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534