Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2315 0 пікір 14 Ақпан, 2011 сағат 22:52

Ғаббас Қабышұлы. Қай жері артық?

Осыдан тұп-тура бір апта бұрын мына мені КСК-міздің жаңа бастығы Киік Саулықұлы шақыртып алды да:

-Құрметті Нөке, біздің шағын ауданымызда  өзге сегіз үйден шетірек тұрған үш үй барын баяғыдан білесіз, ол үшеудің ортасындағы үй сіздікі, солай ғой? - деді, сол жақ езуіндегі сигаретінің түтінін оң жақ езуінен сыздықтата шығарып отырып. Мен өзі кімнің болсын өзіммен «Құрметті Нөке» деп сөйлескенін мектептің қай жақта екенін білмейтін кезімнен жақсы көретінмін, ал зейнетке шыққан он жылда оны естуім сиреп кетсе де, бәрібір, жақсы көруімді қоймай жүрмін. Киекең көңілімнің осы пернесін дөп басқан соң  менің іші-сыртым бірдей жылып-ыси қалды да:

-Солай, Киеке, солай! Орныңыз құтты болсын, денсаулығыңыз мықты болсын!  Өзім іздеп келіп құттықтап үлгірмегеніме ренжімеңіз, біз шалмыз ғой, шал киінгенше кемпір терлеп кететін заман,- дей қойдым. Ол жымиды. Бұғағы иегінен бес елі түсіп, қарнының жартысы үстелінде жатса да, әрине, денсаулық керек, сол тілегіме риза болды-ау деймін.

Жаңа орынға бастық болып, құттықтау сөзді көбірек есту жалпы жақсы, өзім де талай жерге бастық болып көргенмін, құдайға шүкір, өмір тәжірибем жеткілікті.

Осыдан тұп-тура бір апта бұрын мына мені КСК-міздің жаңа бастығы Киік Саулықұлы шақыртып алды да:

-Құрметті Нөке, біздің шағын ауданымызда  өзге сегіз үйден шетірек тұрған үш үй барын баяғыдан білесіз, ол үшеудің ортасындағы үй сіздікі, солай ғой? - деді, сол жақ езуіндегі сигаретінің түтінін оң жақ езуінен сыздықтата шығарып отырып. Мен өзі кімнің болсын өзіммен «Құрметті Нөке» деп сөйлескенін мектептің қай жақта екенін білмейтін кезімнен жақсы көретінмін, ал зейнетке шыққан он жылда оны естуім сиреп кетсе де, бәрібір, жақсы көруімді қоймай жүрмін. Киекең көңілімнің осы пернесін дөп басқан соң  менің іші-сыртым бірдей жылып-ыси қалды да:

-Солай, Киеке, солай! Орныңыз құтты болсын, денсаулығыңыз мықты болсын!  Өзім іздеп келіп құттықтап үлгірмегеніме ренжімеңіз, біз шалмыз ғой, шал киінгенше кемпір терлеп кететін заман,- дей қойдым. Ол жымиды. Бұғағы иегінен бес елі түсіп, қарнының жартысы үстелінде жатса да, әрине, денсаулық керек, сол тілегіме риза болды-ау деймін.

Жаңа орынға бастық болып, құттықтау сөзді көбірек есту жалпы жақсы, өзім де талай жерге бастық болып көргенмін, құдайға шүкір, өмір тәжірибем жеткілікті.

-Құрметті Нөке, өзімді аудан әкімі ұсынып, қала әкімі бекіткен соң келіп, мәртебелері биік ол кісілердің сенімін ақтау үшін дереу зерттеу жұмыстарын жүргізсем, сіздердің ол үш үйлеріңізге жеке басшы керек екен. Міндетті түрде керек! Осы мәселені сіз қолыңызға  алыңыз, келістік пе? -      деді.

-Сонда, Киеке...  «жеке басшы» дейсіз...  ол кім болуы керек, не істеуі керек? Кімге бағынуға тиіс, кімге бағынбауға тиіс? - дедім, шамасы кенже баламмен құрдас Киікпен «сен» деп сөйлесуді кейінге қалдырғанымның дұрыстығына көзім жетіп. Ол нық та тура сөйлейді екен. Бұл заманда  өйтіп сөйлейтіндер қалайда азайып кетті ғой.

-Құрметті Нөке, жеке басшы - сол үш үйдің қожасы. Үш үйіңіз сексен пәтерден жиыны екі жүз қырық пәтер, онда жиыны бір мың екі жүз алпыс бір кісі тұрады екен, ал сіз, былайша айтқанда, солардың тамырын ұстап отырасыз: ыстық судың ақысын, суық судың ақысын, электрдің ақысын, жылудың ақысын және телефон мен радионың, интернеттің ақысын, иә, мен айлық төлемдерін айтып отырмын, соларды қайсысы мезгілінде төлейді, қайсысы кешіктіріп төлейді, қайсысы төлемей жүріп алады, - сіз соны қадағалайсыз, содан кейін: коридордың, подьездің, ауланың тазалығын бақылайсыз, түсіндіңіз бе? - деді Киекең, темекісінің түтінін енді маймұрнының сол жақ  арнасынан  ақырын шығара бастап. Ойпырым-ай, темекі тарту да өнер екен ғой! Көрші подьездегі шылымқор құрдасым Кеңесхан: «Темекіні тартқан да  - арман, таптпаған да - арман» дей береді, сол бірдеңені біледі екен.

-Киеке-ау, оның бәріне менің уақытым жетсе де, күшім жертпейді, сонда ол қалай болады?

-Құрметті Нөке, мен  сізді сол үшін шақырдым. Сіздің үш үйіңізде жиыны он сегіз подьзд бар, соның әрқайсысынан бір кісіні көмекші етіп алыңыз да, іске кірісіңіздер. Басқа үйлерді де солайша басқаруға көшеміз, сөйтіп тәртіп орнатпай болмайды. Президентіміздің елді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі тезисімен таныссыз ба? - деді ол, темекісінің түтінін енді мұрнының екі арнасынан жарыстыра  шығарып. Ойпырым-ай, қуын-ай, маған дұзақ тастағанын қарашы!  Жай дұзақ та емес, саяси дұзақ! Ұстарсың... атаңның басын!

-Киеке, «сіздің үйіңіз, қадағалайсыз, бақылайсыз, көмекші етіп алыңыз» дегеніңізге қарағанда, мені сол үш үйге, өзіңіз айтқандай, «қожа» етіп сайладыңыздар ма?

-Құрметті Нөке, сайлау-майлауды қайтесіз, мен, міне,  айттым, ертең бұйрық шығады, сіз қоғамдық негізде істейсіз, түсінікті ме? - деп ол сигаретінің тұқылын  күлсалғышына мыжғылады. Көзі сығырайып алып, өзі, сірә, қатал-ау деймін.

-Киеке, сенім білдіргеніңізге рахмет! Ал сонда мен де көмекшілерімді бұйрықпен бекітіп аламын ба, қалай болады?

-Құрметті Нөке, біздің елде демократия орнағалы жиырма жыл болды емес пе, демократияның қадірін білуіміз керек, сіз көмекшілеріңізді сайлап аласыз. Қазір үйіңізге барыңыз, ойланыңыз, содан кейін, айталық, «пәлен күні, пәлен сағатта, пәлен жерде №6, №7, №8 үш үйдің басқару жүйесі туралы жиналыс болады, жиналысқа мыналар қатысуға міндетті» деп, таңдап алған көмекшілеріңіздің аты-жөні көрсетілген хабарландыру жазып, көбейтіп, әр подьезге бір-бірден іліп қойыңыз. Сөйтіп, көмекшілеріңізді сол бірінші жиналыста сайлап, бекітіп алыңыз, сайлау - демократиямыздың сара жолы. Жұмысыңызға жеміс тілеймін, сау болыңыз! Иә, тағы айтарым: сіздерде зейнеткерлер көп екен, солардың ең сенімділерін көмекші етіп сайлап алыңыз! - деп орнынан баяу тұрып, қолын ұсынды. Бойы аласа болса да, алақаны жалпақ екен.

Сонымен сөйтіп, жарты сағатта мен - Нөлбас Базарбаев - «құрметті Нөке» деген қошемет сөзді алты рет естіп, бір мың екі жүз алпыс бір кісіге «қожа» болып қайтып, керек жиналысты ауламызда өтетін етіп тез ұйымдастыра білдім. Партия мен комсомолдың қалалық, облыстық комитеттерінде талай жыл қызмет істедім емес пе, қинала қоймадым. Өзіме көмекші болуға тиісті он сегіз зейнеткердің тізімін жасап, компьютерші немереме он сегіз бюллетень жасатып алып, жиналысты уақытынан жиырма төр минөт қана кеш бастап жібердім. Мәселені  КСК-міздің, яғни, қазақша айтсам: ЖПК-міздің - Жекеменшік Пәтерлер Кооперативіміздің - жаңа басшысының ұсынысымен қолға алғанымды, әрине, ескерттім. Өйтпей болмайды. Көпшіліктің сенімін алдамау үшін демократия шарттарын сақтау керек.

-Нөке аға, үш үйді біріктіре бір жүйе жасау идеяңыз дұрыс, бірақ жоғарыдағы басшылардың «қожа» деуімен келісуге болмас, «қожа» дегеннің мағынасы көп, оны қояйық, жаңа жүйеге жаңаша ат қоюымыз керек, солай емес пе, халайық? - деген Байбақтың сөзіне  жұрт ду қолшапалақтады.

-Сонда не деуіміз керек? Кәне, кімде қандай ой бар? - дедім. Көптің ойы сапырылысып жөнелді. Барсын. Демократия.

-Оқыс шаруа болды, ойлану керек.

-Иә, ойланайық, уақыт жетеді.

-Нөкеңнің  өзі не  дер екен?

-Үш үйдің  бірлестігі дейік.

-Дұрыс, тек үш үйдің деген екі сөзді тырнақшаға алайық! Тырнақша ашылады, үш үйдің, тырнақша жабылады, бірлестігі.

-Жоқ, олай болмайды, үш үйдің бірлестігі дегенді түгелдей тырнақша ішінде жазу керек.

-Қалай? Үшеуін жеке-жеке ме?

-Жо-ға. Үшінің алдынан ашып, бірлестігінің артынан жабамыз.

-Қадірлі қауым, жалпы осы «бірлестік»  деген сөз дұрыс бола ма?

-Болмағанда ше?

-Бізде «бірлестік» деген сөз өшірілді ғой, қазірде: компания, фирма, корпорация, департамент, тағы немене, бәрі басқа тілде, соны ескеру керек.

-Иә, анау Астана қаласындағы Салтанат сарайымыз «Конгресс холл» делінді, Қазақстанның тәуелсіздігіне шет елдің сол сөздері жетпей тұрғандай.

-Е, оларға ерсең... Мәскеудің орыстары «Белая могила» деп күлді деген  қайдағыбір қағынды сылтаумен қаламыздың тарихи «Ақмола»  атынан да  безген жоқ па?

-Оу, ағайындар, ол жақты қойыңдар, бері қайтыңдар, өзіміздің ішкі мәселемізді шешіп алайық! - деп жұртты иірдім. Демократияның да орны, жері, мезгілі бар.

-Сонда не десек екен?

-«Үш үй қауымы» дейік.

-«Үш үй ұжымы» десек ше?

-«Қауым» да,  «ұжым»  да келмейді.

-«Ұялы үш үй» деуге болар, а?

-Бәсе! Кәдімгі қалтателефонды «Ұялы телефон» деп шатысып жүргеніміз де жетер!

-Жолдастар, е, ә, мырзалар! Біз әуелі өзіміздің басшымыз болатын Нөкеңді кім деп атайтынымызды келісіп алайық!

-Дұрыс! Үш үйді  жер жұтып қоймас, олардың статусы табылар, біз алдымен  Нөкеңнің стату...  несін...  әлгі...

-«Лауазымын» демексің бе?

-Дұрыс, иә,  Нөкеңнің лауазымын белгілеп, бекітіп  алайық!

-Біз Нөкеңді ерекше атайтын болайық!

-Оның қалай?

-Оным солай! Нөкең зейнетке обкомның екінші секретарьлығынан шықты, ал осы отырған басқамыздың біреуіміз  өйтіп шығып көрген  жоқпыз, мен білем ғой. Ең шірегеніміз  горисполкомда завотделом болдық. Так что Нөкеңе жету қайдаааа!

-Пәтерақы деген бір пәлекет болып алды, қымбаттауын қоймайды, оны тоқтатудың бір амалын Нөкең таппаса...

-Рас, рас, анаусы да өседі, мынаусы да өседі...

-Нөке, оны өзіңіз де көріп жүрсіз, бір шара қолданбасаңыз болмайды!

-Не шара қолдан дейсіңдер? - дедім, пәтерақының ызасы өзіме де өтіп жүргені шыдатпай.

-Құрметті Нөке, сіз бұрын небір үлкен қызметтерде істедіңіз, бұл пәтерақыдан әлдеқайда күрделі мәселелерді шештіңіз...

-Әй, халайық, Нөкеңді КСК-мізге бастықтыққа ұсынсақ қайтеді?

-Бұл мәселені ертерек ойлауымыз керек еді, оған жаңа бастықтың келгені кеше ғана.

-Өй, бізге бастық құтайып па еді? Бірі келеді, бірі кетеді, мынау да ұзамайды, так что, Нөке, сіздің кандидатураңыз өте дұрыс!

-Ай, ағайындар, сендер мені мазаламаңдар, мен номенклатурадан кеткелі онбір жыл, жасы асқан адаммын, - дедім. Десем де, бір бүйрегім бүлк етті. Істеуге болар еді, қайбір қиын жұмыс, бірақ бекітпейді ғой. Алдыңғы жылы да анау бір орынға бекітпеді, «жастарға жұмыс тауып бере алмай отырмыз» деп.

-Құрметті Нөке, мен сізді көптен білемін, сіз - өте парасатты адамсыз!

-Парасатты болмаса, айналайын-ау, біздің Нөкең мынау үш үйдің жағдайын ойлай ма?!

-Дұрыс айтасыңдар! Нөкең - ескі гвардияның шыңдалған кадры! Нөкең қаланың, даже облыстың әкімі болып та ешбір қиналмастан істей алады!

-Ай, ағайындар, мен... - дей беріп едім, ептеп көңілім босап, әлдекім:

-Нөке, аға-еке, сіз өте қарапайым адамсыз, ал қазіргі кезде қарапайым адамды, тіпті сіздей кемеңгер болса да, силау деген жоқ қой, жоқ! - деп киіп кетіп еді, одан арғылар вообще  аузымды совсем аштырмады:

-Нөкеңдей қасиетті адам сирек!

-Данагөй ғой, данагөй!

-Шіркін-ай, Нөкең қаланың әкімі болса, пәтерақының, телефонның, тағы басқасының қымбатшылығынан құтылар едік!

-Е, ай сайын қысып бара жатқан қымбатшылықтан көзіміз ашылуы үшін Нөкең облыстың әкімі болса десеңдерші!

-Дұрыс! Қалаға, облысқа кім әкім болмай жүр? Өздерінен басқа жұртты жарылқайын дейтін біреуі жоқ!

-Құрметті біздің Нөкең президент болса ғой!

-Вот мәселе қайда! Біздің Нөкеңнен президенттің несі артық?! Давайте, Нөкеңді президенттікке ұсынайық!

-Дұрыс! Алдағы сайлауға өздерін өздері ұсынған үшеу ме, төртеу ме, біреулер тіркеліпті ғой, гәзеттен оқыдым. Солардың біреуін де білмеймін, бәрі - пешка да пешка!

-Ата, ата! Сені телефонға шақырып жатыр, срочно дейді, апам айтты! - деп ең кіші немерем жүгіріп жетіп келді. Жиналған көпшіліктің көңіл күйін  түсініп, өзінің енді ешқашан ешбір қызметке алынбайтынын, ешқайда сайланбайтынын біліп, қалайда іштей қыстығып отырған Нөкең соның есесін үйдегі кемпірінен сырттай алып:

-Менің қатыным...  жігіттер, мен қазір қайтып келем, тоса тұрыңдар, қатыным телефонға шақыртыпты, көріп, естіп отырсыңдар ғой, - деп Нөкең немересінің жетегіне ілесті.

-Нөке, сізді президент етіп сайласақ, жеңгеміз Қазақстанның Бас қатыны болады! - деді әлдекім. Жұрт ду күлді.

Нөкең мезгілінен бұрын шарылдаған бар болғыр да жоқ болғыр телефонына ыза болып, іштей ширығып: «Осы жұрт қызық. Кейде күлмеске күледі. «Ел ағасы...  Ел басы... Көш басы... Ұлт басы...  Халық көсемі...  Ел анасы... Бас ана...  Кемеңгер...  Данышпан... Әулие...» деп жүргендерінің менің қатынымнан қай жері артық?!» деп  күңкілдеп  бара жатты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5532