Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 7345 7 пікір 9 Маусым, 2018 сағат 14:11

Министр Дәурен Абаев "Рухани жаңғыру" логотипіне қатысты пікір айтты

Өткенде "Рухани жаңғыру" логотипіне қатысты дау шығып, оның плагиат екені айтылған. Француздың "l'Аigle de Рatmos" дейтін компаниясының 2012 жылғы логотипі мен "Рухани жаңғырудың" ресми логосындағы ұқсастық қоғамдық талқы тудырды.

Осыған орай, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев пікір білдірді.

Министрдің сөзінше, логотип Қазақстан Республикасының мемлекеттік туынан алынған. Әрі осы уақытқа дейін «Рухани жаңғыру» логотипінің француздық компанияның логотипіне ұқсастығы туралы ешкім шағымданбаған.

"Логотип плагиат" деп ешкім шағым түсірген жоқ. Екіншіден, барлық құстың бірдей екенін, бәрінде қанат бар екенін түсінуіміз керек. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі жауапты. Онда ақпарат министрлігімен қоса барлық мемлекеттік орган кіреді. Сол себепті бағдарламаны жүзеге асыруда бәріміздің жауапкершілігіміз зор", - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, осыған дейін аталған мәселеге қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да пікір айтқан еді.

"Менің ойымша, бұл логотиптен біз ұялмауымыз керек. Эмблема адамдарға рух сыйлап, жігерлендіреді. Өздеріңіз көргендей, суретте жүз пайыз сәйкестік жоқ. Мен өзім көрдім. Кейбір жерлерінде ұқсастықтар бар, әрине, дегенмен түстері әр түрлі. Бұл мәселеде біреуді плагиат жасады деп айыптау дұрыс емес деп санаймын", - деген еді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434