Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2138 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 13:48

Жылыойда ақша көп, БІРАҚ БАҚША ЖОҚ

Елбасы жақында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІІ съезінде ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселелеріне, аграрлық секторды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыруға айрықша мән берді. Осы міндеттер жергілікті жерлерде қалай іске асырылуда? Әсіресе, экономикалық потенциалы басқаларға қарағанда көбірек дамыған Жылыой ауданының бұл орайдағы жұмысының жай-жапсары қай деңгейде? Осы сараптаманы жазу үстінде сол сауалдарға жауап іздегендей болдық.
АТЫ БАР ДА, ЗАТЫ ЖОҚ…
Күні бүгін агроөнеркәсіп кешені бойынша озық технологиялық процестердің осы салаға көбірек енгізіле бастағаны белгілі. Біздің аудан аумағында да агроөнеркәсіп кешенінде біршама озық технологиялар іске асырылуда. Алғашында «Атырау-Сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сүт, қаймақ, айран, йогурт, шұбат өнімдерін дайындап, жұртшылықты бір қуантып тастап еді. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін қондырғы толық қуатында жұмыс істеп кеткен жоқ. Облыстық санэпидемстансаның біраз кідірткені бар. Күні бүгін тәулігіне 500 литрдің орнына 150-200 литрдей шұбат дайындап, мұнай алаңдарындағы асханаларға жөнелтеді екен. Әрине, бұл да жақсы. Бірақ қондырғы толық қуатында жұмыс жасап, сүт өнімдері асханаларға ғана емес, құтыға құйылып, тұрғындарға да сатылса, жұртшылықтың аққа деген қажеті біршама өтелер еді. Өнімнің өзіндік құны қымбат болғандықтан, бұған сұраныс та аз әзірге.

Елбасы жақында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІІ съезінде ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселелеріне, аграрлық секторды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыруға айрықша мән берді. Осы міндеттер жергілікті жерлерде қалай іске асырылуда? Әсіресе, экономикалық потенциалы басқаларға қарағанда көбірек дамыған Жылыой ауданының бұл орайдағы жұмысының жай-жапсары қай деңгейде? Осы сараптаманы жазу үстінде сол сауалдарға жауап іздегендей болдық.
АТЫ БАР ДА, ЗАТЫ ЖОҚ…
Күні бүгін агроөнеркәсіп кешені бойынша озық технологиялық процестердің осы салаға көбірек енгізіле бастағаны белгілі. Біздің аудан аумағында да агроөнеркәсіп кешенінде біршама озық технологиялар іске асырылуда. Алғашында «Атырау-Сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сүт, қаймақ, айран, йогурт, шұбат өнімдерін дайындап, жұртшылықты бір қуантып тастап еді. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін қондырғы толық қуатында жұмыс істеп кеткен жоқ. Облыстық санэпидемстансаның біраз кідірткені бар. Күні бүгін тәулігіне 500 литрдің орнына 150-200 литрдей шұбат дайындап, мұнай алаңдарындағы асханаларға жөнелтеді екен. Әрине, бұл да жақсы. Бірақ қондырғы толық қуатында жұмыс жасап, сүт өнімдері асханаларға ғана емес, құтыға құйылып, тұрғындарға да сатылса, жұртшылықтың аққа деген қажеті біршама өтелер еді. Өнімнің өзіндік құны қымбат болғандықтан, бұған сұраныс та аз әзірге.
Ал «Қуан» ЖШС сүт өнімдерін өңдейтін жаңа қондырғы әлі күнге дейін түрлі себептермен іске қосылмауда.
Бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшыларының қай-қайсысы да жаңа қондырғыны таяу уақытта толық қуатында іске қосамыз деген уәделерін біз естідік. Енді соған сенейік. Ал әзірге біздің көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүргені мынадай көрініс. Құлсарыдағы орталық базардың өзінде сүт өнімдерін сататын арнаулы орын жоқ.
Тап осындай көрініс «Достық» базарында да қайталанады. Шөліркеп жүргенде базарға барып, шұбат ішіп, мейіріңді бір қандырғың келеді. Оған тағы тәуекелің тұрмайды. Дәрігерлік сараптамадан өтпеген, қандай малдың сүті екендігінен хабарсыз болғандықтан күмәнің артады. Себебі, қазір не көп, малда ауру көп. Әсіресе, бруцеллез ауруы жайлап барады. Аудандық аумақтық инспекция мамандарының айтуына қарағанда күні бүгін аудан бойынша тексерілген 6490 мүйізді ірі қараның бруцеллез ауруына бейімділері 150-ден асып кетіпті. Әлі де тексерілмеген ірі қараның арасында қаншасы ауру, қаншасы сау? Ол әзірге белгісіз.
Ауру малдың өнімін ішіп көріңіз - өзіңіз сырқатқа ұшырайсыз. Сондықтан базардағы зертханадан өтпеген аққа ауыз тигізу де қауіп.
Қысқасы, «былай барса өгізі өліп, былай барса арбасы сынып» шарасыздықтан шатқаяқтап отырамыз. Әрине, озық технологиялық көмектер бізге жете қоймады деп те айта алмаймыз. Бірақ әзірге олардың тиімділігін көре алмай отырмыз. Аудан тұрғындары ауызымыз аққа қашан тиеді деген үкілі үмітпен жүр. Ал, аудандық ауыл шаруашылығы мамандары, билік басындағылар бұл іске неге жете көңіл бөлмейтіні түсініксіз.
ЕГІСКЕ ДЕ ЕПТІЛІК КЕРЕК
Бұдан 20-30 жыл бұрын Жылыой ауданы тұрғындары Жем бойынан егін егіп, бау-бақша өсіретін. Сол өнім алып, өздерінен артылғандарын базарға апарып сататын. Сол ауыр жұмыстың бәрі техника жоқтықтан қолмен атқарылатын.
Уақыт өтті. Қоғам өзгерді. Жеке меншік үстемдік құрды. Соның өзінде Жем бойындағылар үйреншікті кәсібін тастамай, бау-бақша егуді қолға алып жүрді. Тіпті «Жаңа таң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегілердің біразы бау-бақша егуден түскен табысына жеңіл автокөлік мініп, қарқ болды. Бірақ аздан соң олардың кеуделеріне шыр бітті ме, әлде бойларын жалқаулық меңдеді ме, әйтеуір бұрынғы қарқындарын төмендетіп алды. Бірақ бәрі бірдей қол көтеріп кеткен жоқ.
Өткен жылы ауданда 55 гектар жерге бау-бақша өнімдері егіліп, барлығы 592 тонна өнім жиналып еді. Биыл да аудан басшылары сол деңгейден кем көрінбеспіз деген ойда. «Жаңа таң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ы.Шақпақов «биыл Президенттің Жолдауына орай, жаңадан жұмыс орнын ашып, халықты көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 5-10 гектар жерге бақша өнімдерін отырғызып, өсірудеміз. Көкөніс өскіндерін дайындауға бір бригада кірісіп кетті. Амандық болса ауыл тұрғындарын көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз етеміз» дейді.
Ал аудандық ауылшаруашылығы бөлімі бастығы Нұртас Қуанбаев «Қосшағыл» селолық округінің егіншісі Қ.Қазиевтің тәжірибесін тарата сөйледі.
Оның айтуынша, Келекен Қазиев үш түрлі әдіспен егін салып жатыр. Бірінші, жылыжайда өсімдік өскіндерін егуде, екінші мультиәдіспен, яғни егілген өсімдіктің үстінен пленкамен жабы арқылы өсіруде, үшінші ашық егістік.
Бау-бақша егушілердің қай-қайсысы да өнімнің өніп шығуы тұқымға байланысты болғандықтан жоғары сортты тұқымдарды және тыңайтқыштарды көбіне Ресейден алдырып жүр екен. Бәсі қымбат. Дизельді отын да сондай. Әзірге бұлардың қай-қайсысы да өздерінің ескі-құсқы техникаларын жамап-жасқап пайдаланып жүрген жайлары бар.
Келекен 15 га жерге егін салыпты. Онда не жоқ дейсіз: қауын, қарбыз, қызанақ, қияр, тәтті, ащы бұршақ,…
Әттең, адамдар жермен жұмыс жасауды үйреніп, бау-бақша егуге ден қойса.
ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?
Аудандағылардың бау-бақша егумен шұғылданбай кетуіне объективтік себептердің де ықпалы жоқ деп айта алмаймыз.
Алдымен, ауданда егін шаруашылығының өркендеуіне су тапшылығы мен топырақтың құнарлылық деңгейі әсер етеді. Соңғы жылдары Жем суы тасымай қалып, бұдан ауылшаруашылығы едәуір зиян шекті. Шабындық шықпай қалды.
Енді осындай аз суды егін шаруашылығына пайдаланудың бір жолы – тамшылатып суару әдісі болып есептеледі. Ол суды шашау шығармай, өсімдіктің тамырына бойлатып, әрі су ресурстарын минералдық тыңайтқыштармен үстемелеп, еңбек шығынын үнемдеуге мүмкіндік туғызады. Бұл израильдық тамшылатып суару әдісі біздің облысқа да таңсық емес. Біздің білгеніміздей, біздің облысымыздан Махамбет ауданындағы «Райхан» шаруа қожалығы осы әдісті енгізу арқылы жыл сайын мол өнім алып келеді. Жылыой ауданында тамшылатып суарумен шұғылдануға бет бұрған кәсіпкерлер нақты іске көшкен жоқ.
Жылыжайда көкөніс егемін деушілердің бірі – кәсіпкер С.Хансұлтанова еді. Ол алғашында озық технологиямен танысу үшін Израиль, Қытай елдеріне де барып қайтты. Бірақ оның бизнес-жобасы біраз уақыт шешімін таппады. Кезінде ТШО-дан, облыстан қаражат бөлінетін болып шешіліп, оның соңы да құрдымға кетті. Банктерден алатын қаржының үстеме пайызы кәсіпкер үшін қымбат әрі тиімсіз болып шыққан.
Сөйтіп, кәсіпкер бұрынғы ойынан айнып қалды. Қалай десек те, көкөністі жылыжайда өсіру ауданда кешеуілдеп тұр. Себебі, жеке кәсіпкерлер шетелден жылыжай сатып алуы үшін қыруар қаражат (несие) керек. Жеке кәсіпкер Ә.Балжігітов жерді сатып алып, көлемі 2,3 гектар жерге көкөніс егетін болып та қойды. Енді «КазАгрофинанстан» 5 пайыздық 7 жылға несие алу кешігуде. Құжаттары тапсырылып қойылды.
-Сол қаражат түссе, жылыжай іске кіріседі,- дейді кәсіпкер Ә.Балжігітов.
Дегенмен, бау-бақша өнімдерін өндіруге ауданда әлі де жергілікті мойын бұра қойған жоқ. Жоғарыда объективтік себептерді де айттық. Соған қарамастан икемді кәсіпкерлер «азды бардай, барды нардай» етіп жүргендерін де көріп жүрміз. Ондайлардың есімдерін жоғарыда атадық та.
Ендеше, осы салаға бет бұрып, бел буған жергілікті өнім өндірушілерге атқарушы биліктегілер тарапынан ықпал жасалынып, жағдай туғызылса, бұл істің төрт аяғынан тік тұрып кетуіне біз кепіл.

 

 

Бақытжан БОЗДАНҰЛЫ, Жылыой ауданы.
«Атырау» облыстық газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588