«Қытайдың құрт түспейтін алмасы құртып барады» - республикалық басылымдарға шолу
АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 17 ақпан, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
***
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Осыған орай «Айқын» газетінің бүгінгі санында «Ақмола Астананы асырай алады» деген тақырыппен мақала жарияланды. Басылымның атап өтуінше, Мемлекет басшысы іргесі еліміздің бас қаласына тиіп тұрған, еліміздегі ең ірі шаруашылықтардың қатарында саналатын «Ижевский» өндірістік кооперативіне ат басын бұрып, шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл кооператив өнімнің 80 түрін шығарады. Негізінен құс өрбітетін бұл еңселі шаруашылық Астананы, Қарағандыны, Семейді және Ақмола облысының елді мекендерін азық-түліктің осы түрімен қамтамасыз етіп отыр. Тұтас бір ауылдың халқын жұмыспен қамтып отырған өндірістік кооператив жылына 2 миллиард теңгенің өнімін шығарады. Соңғы үш жылда шаруашылықты дамытуға 1,6 миллиард теңге инвестиция салған. «Ижевскийден» соң, Елбасы Н.Назарбаев жергілікті асханаға бас сұғып, ауыл тұрғындарымен жүздесті, ауылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуал жайында ашық әңгіме-дүкен құрды», - деп жазады басылым.

Жақында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Алматыда «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2010» мемлекеттік грантын жеңімпаздарға табыстады. Осы байқауға байланысты Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаевпен арадағы сұхбат «Айқын» газетінің бейсенбілік санында «Жоғары оқу орындары әлі де қысқартылады» деген тақырыппен берілген. Басылымның барлық сауалдарына тұщымды жауап берген ол: «Әлемдегі жетекші елдерде 1 млн халықтың басына шаққанда 1-6 университеттен келеді екен. Ал Қазақстанда 1 млн тұрғынға 9,2 жоғары оқу орнынан келеді. Мұның өзі оқу орындары желілерінің артық екендігінің дәлелі. Әрине, бұл білім беру сапасының төмендеуіне әсер етеді. Арифметикалық есеп бойынша санасақ 16 млн халқы бар Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны жүзге жуық болады. Осыған байланысты жоғары оқу орындарына әрі қарай қысқарту жүргізу дұрыс сияқты», - дейді.
***
«Алаш айнасы» газетінің жазуынша, алманың отаны болған Алматыда бүгінде апортты сабанның арасына түсіп кеткен инедей іздеп табу қиын. Оның орнына қай базарға барсаңыз да алдыңыздан отандық алманың орнына қытайлық алма менмұндалап шыға келеді. Ал сол құрт түспейтін қытай алмасының сапасы да алаңдатарлық. «Мамандар ол жақтан келетін алмаларға шамадан тыс химикаттар қосылатынын айтып дабыл қақса да, импорт алмадан бас тартып жатқан ешкім жоқ. Білетіндер оны парафинмен пісірген деседі. Рас та шығар. Ал сол алмалардың әрқайсысын ұқыптап, бөлек-бөлек ораған ақ «дәкелерін» тышқанның ұясына тастасаңыз, кеміргіштерді сеспей қатырады. Оның ішінде сақталған алманы жеп жүрген адамдардың да сау емесі сөзсіз»,- деп жазады басылым. Жазылған жайт жайында егжей-тегжейлі мағлұмат алғыңыз келсе, газеттегі «Қытайдың құрт түспейтін алмасы құртып барады» деген мақалаға назар аударыңыз.
«Кеше Премьер-Министрдің қатысуымен өткен Үкіметтің отырысында Экономикалық даму және сауда мининстрлігі нақтылап әкелген негізгі макроэкономикалық болжамдарды Үкімет мүшелері қабылдады», - деп жазады «Алаш айнасы» газеті бүгінгі нөміріндегі «Макроэкономикалық болжамдар қайта нақтыланды» деген мақаласында. Басылымның атап өтуінше, аталған болжамдар барреліне 65 доллар болған мұнай бағасын негізге алып есептелінген. Ағымдағы жылы бұл шикізаттың экспорт көлемі 5 млрд. 515,2 миллион долларға артпақ. Яғни экспорттың жалпы көлемі 59 млрд. 058,4 миллион болады. Сонымен қатар мақалада Министрлер кабинеті мүшелерінің алқалы жиында қабылдаған бірқатар бағдарламалары жайында да жазылған.
***
«Біз Азиадада 32 алтын, 21 күміс, 17 қола алдық деп мақтанамыз-ау. Сол күміс пен қола жүлде иегерлерінің бірі Радик Жапаров 10 жылдан бері қысы-жазы вагонда тұратынын білесіз бе? Азиададан кейін Радикке ел спорты тізгінін ұстаған басшылар немесе Алматы қаласы әкімдігі пәтер кілтін беретін шығар деп ойлағанбыз. Сөйтсек бермек түгілі спортшыны арнайы құттықтаған спорт функционері немесе атқамінері болмаған екен», - деп жазады «Нұр Астана» газеті. Бұл жайт басылымға аталған спортшымен арада өткен сұхбаттан кейін белгілі болып отыр. Байрақты бәсекеде қазақ елінің намысын қорғаған спортшы жайында білгіңіз келсе, газеттің бүгінгі санында «Күміс жүлдегер вагонда тұрады» деген тақырыппен берілген сұхбатқа назар салыңыз.
***
«Казахстанская правда» газетінің жазуынша, Үкімет Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты ағымдағы жылғы Жолдауында және «Нұр Отан» партиясының ХІІІ съезінде белгілеген стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға келесі айдан бастап білек сыбана кірісуге құлшынып отыр. Осыған орай кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысы өтіп, онда 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгертулер енгізу туралы Үкіметтің ұсынысы мақұлданды. «Отырыс барысында Үкіметтің ауқымды жұмыстарды атқарғандығы аталып өтілді. Барлық мәселелерді шешу жүйелі сипатқа ие, ал 2011-2013 жылдарға арналған бюджет - әлеуметтік сипаттың жарқын көрінісі», - деп жазады басылым.