Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4314 1 пікір 21 Маусым, 2018 сағат 09:41

Өзбекстан мен Қазақстан авиарейстерін көбейту жөнінде келісімге келді

Өзбекстан мен Қазақстан билігі екі елдің ірі қалалары арасында рейсті көбейту жөнінде келісімге келді.

Бұл Астанада өткен келіссөздер нәтижесінде шешілген.

«Келіссөз қорытындысы бойынша, Астана – Ташкент бағытындағы рейсті аптасына 4 реттен 6 ретке көбейту, Алматы – Ташкент бағытындағы ұшақты аптасына 7 реттен 10 ретке көбейту жөнінде келістік. Жалпы алғанда екі ел арасында аптасына 32 рейс қатынайтын болады», – деп атап өтті Қазақстанның азаматтық авиация комитеті.

Сонымен бірге екі елдің ұлттық әуе компаниялары өзара тиімді жағдайда әріптестік жасайтын «код-шер» коммерциялық келісімге келген.

Мұндай келісім екі елдің туризмін, экономикасын және сауда қатынасын дамытуға мүмкін береді деп бағалайды екі тарап.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1081
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2633
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 756
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 726