Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5888 23 пікір 26 Маусым, 2018 сағат 09:24

Қарақұсоваға күлу арқылы өзімізге күліп жатырмыз...

Гүлжан Қарақұсованы келекелеп, күлкіге айналдырып жатырмыз. Ол кісі бұлай сөйлеймін деп жер болды.

Енді ол кісі қазақша сөйлей ме? Казақша сөйлеуге талпына ма? Меніңше енді ол кісі қазақша сөйлеуден аулақ жүреді. Дәл сол кісідей қазақшасы шала, сөйлеп үйренейін десе, жұрттың мазағына қалатын мыңдаған адам бар ғой. Сондай қазақшасы нашар кісілерді күлкі ету арқылы олардың қазақша білейін, үйренейін, сөйлейін деген ниетін түп-тамырымен өзіміз жұлып жатырмыз емес пе?

Гүлжан Қарақұсова көбірек дайындалып, көбірек машықтанып, қазақша жақсы сөйлейтіндей деңгейде болуы керек еді, бірақ ол кісі сол күні қазақша бар білгенін айтты ғой. Осылай қазақша сөйлеуге ниетті, бір сөз болса да қазақша айтуға тырысып жүрген адамды қолдап, қателіктерін түзеуге көмектесіп, сол арқылы қазақша сөйлей түсуіне өз қолымызда тұрған жәрдемді берудің орнына арзан күлкіге риза болып жүрміз.

Ол кісінің ойын қазақша жеткізе алмағанына бүкіл қоғам кінәлі. Ол кісіге күлу арқылы өзімізге күліп жатырмыз. Бұл күлетін емес, өкіріп жылайтын жағдай. Қазақша сөйлегісі келетіндерге сөйлеп кетуге көмектесуге тырысайық, арзан күлкі басқа жерде де жетіп жатыр. Қоғамымызда қазақша сөйлеу туралы талап болғанымен, қоғам (сіз бен біз) қазақша жақсы білмейтіндерге қазақша сөйлеуге жағдай жасап беріп отырған жоқ. Турист келуі үшін оған қолайлы жағдай жасап беру керек, кәсіпкер көбеюі үшін қолайлы жағдай керек, қазақша сөйлеу үшін (әсіресе бас кезінде, жаңадан сөйлей бастаған кезде) жағдай керек. Біз ондай жағдай жасап беріп отырған жоқпыз, бірақ қазақша сөйле деген талабымыз таудай.

Нұрмұхамедтің Саятының Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318