Бұған дейін қорытынды құжатты қабылдауға қарсы шыққан Италия премьер-министрі Джузеппе Конте он сағатқа созылған келіссөздерден соң құжатқа қол қоюға келісті. Қорытынды келісім бойынша, ЕО елдері мигранттарды ерікті түрде қабылдайды, оларды одақ мүшелері арасында бөліп орналастыру міндеті жойылады.
Көші-қон саясатындағы реформаны Италия талап етті. Ереже бойынша, Еуроодақ аумағына кірген мигранттарды тіркеген ел оған жауапты болды. Сол себепті Оңтүстік Еуропа елдеріне салмақ көбірек түсті. 11 маусымда Италия билігі Жерорта теңізінде құтқарылған мигранттар мінген кемені қабылдамай қойды. Франция мен Испания басшылары бұл шешімді сынады. Франция президенті Эммануэль Макронның айтуынша, Еуропалық одақтағы көші-қон дағдарысы саяси дағдарысқа айналды.
Келісім қабылданған соң Макрон Еуропаға миграция қысымына ұзақ уақыт төзуге тура келеді деп мәлімдеді. "Бүгін Еуропа елдерінің әріптестігі жеңіске жетті", - деп Макрон.
Брюссельдегі дипломатиялық қызметтерден мәлім болғандай, Еуроодақ елдерінің жетекшілері Ресейге қатысты санкцияны созуға шешім қабылдады. Өйткені Украинаның шығысындағы жанжалды шешуде оң өзгеріс байқалмайды. Бұған дейін қабылданған санкция мерзімі 31 маусымда аяқталады.
Abai.kz