Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4840 1 пікір 3 Шілде, 2018 сағат 12:34

Педофилге түрмеде тамақ беріп, халық асырап отыр

Баласының болашағына алаңдамайтын ата-ана жоқ, тек ілуде бір ақылын арақ пен есірткі ішіп, санасы уланған жан болмаса бауыр еті үшін отқа да, суға да тайынбай түсуге, өмірін солар үшін беруге де бар. Өйткені бала ертеңгі күн, артыңда қалар тұяғың, өміріңді жалғастырушы, көзіңнің қуанышы, көңіліңді көл дария етер келешегің.

Жеке пенделер үшін баласы сондай болғанда тұтас мемлекет үшін бала кім? Ол - елдің ертеңі емес пе? Өкініштісі сол мемлекет жоғарыдағы санасын арақ пен есірткі улаған ата-ана тәрізді еліміздің ертеңін қорғай алмай отыр. Ана жерден, мына жерден педофилдің айуан әрекетінен сорлап қалған бала, шарасыз күйден жылаған ата-ана. Қоғам тіксініп, балапандарының ертеңіне алаңдап, далаға, есік алдына ойнауға жалғыз жіберуден де қалып барады. Үйде бос отырған ата-әже болса жақсы, ал үлкені жоқ үйдің баласы төрт қабырғаға қамалып отыруға мәжбүр. Өйткені біздің заң гуманный, баланы қорлағанды түрмеге салып, халықтың есебінен тамақ беріп асырайды.

Осындайды ой елегінен өткізіп баласын қорғай алмаған ел болашағына бекем бе деген сауал өздігінен туындайды екен.

Анар Төлеуханқызының Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364